Оқи отырыңыз
Экология министрлігі өз жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді
Бұл туралы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Соловьева мәлімдеді. Ол өткен жылдың қарашасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп құрылды. Айгүл Соловьева Экология министрлігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбындағы отырысы шеңберінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Egemen.kz
12 Тамыз, 2020
СҚО-да Сенат депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды
Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды, - деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2020
Атырауда Сенат депутаттығына Сағындық Лұқпанов таңдалды
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың ақпаратына қарағанда, Сенат депутатын сайлауға әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутатының 105-і қатысты. Олар үш кандидаттың арасынан лайықтыға таңдау жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2020
Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет сапасы артуда
Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында жұмыс тәсілдері өзгеруде. Оның ішінде биылғы жылдың сәуір айында елді дүрліктірген оқиға орын алған Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бірқатар шаралар қабылданды. МӘМ жұмысын жақсарту тетіктері, әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары ведомствоаралық кеңестің отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2020
Елордалық полиция Есіл өзенін ластаған жүргізушілерді ұстады
Есіл өзенін ластаған жүргізушілерге әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2020
Алматы облысынан сайланған Сенат депутаты кім?
Алматы облысында Сенат депутатын сайлауда Сұлтан Дүйсембинов 92 пайыз дауыс жинады. Ол облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2020
Батыс Қазақстан облысынан Парламент Сенатына депутат сайланды
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің залында Сенат депутатын сайлау өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2020
Мәжілісмендер еңбекпен қамту мәселесіне баса назар аударуда
Мәжіліс депутаттарының аймақтардағы жұмысы жалғасуда. Қазақстанның түкпір-түкпірінде болып, барлық сала өкілдерімен кездескен депутаттар ең әуелі халықты әлеуметтік қолдау, еңбекпен қамту, жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайына назар аударды. Бұл туралы Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
12 Тамыз, 2020
Қызылорда облысында вирус динамикасы тұрақталып келеді
Карантиндік шектеулердің әсері өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына, вирус динамикасының тұрақтануына алып келді. Індет өршіген кезден бергі жағдаймен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны азайып, сауығып шыққандар қатары көбейді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2020
Елордада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды
Мұқтаж ата-аналар өтініштерін арнайы платформада қалдыра алады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
12 Тамыз, 2020
Теміржол жүк тасымалын оңтайландыру мәселесі қаралды
2020 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен Қытай Халық Республикасы бағытында теміржол көлігімен жүк тасымалдау мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2020
Кирилл Герасименко іріктеу кезеңдеріне арнайы жоспармен жаттығуда
Коронавирус пандемиясына байланысты жазғы Олимпиада ойындарының кейінге шегерілуінің салдарынан әртүрлі спорт түрінен Олимпиадаға іріктеу кезеңдерінің 57 пайызы өткен жоқ. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
12 Тамыз, 2020
Бердібек Сапарбаев: Тәртіпсіз тұрақтылық болмайды
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде ұсақ-түйек деген болмайды. Жұмыс орындарының жетіспеушілігі, бағаның өсуі, жер мәселелері, жастардың бос уақыты және басқа да мәселелер тұрақсыздыққа себеп болуы мүмкін. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында ондай олқылықтарға жол бермеу жайы жан-жақты талқыланды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2020
Алтай Көлгінов құрылысшылардың жұмысты сапалы орындауын міндеттеді
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов "Фемида" және "Берекет" тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысқаны туралы "Инстаграм" парақшасында жазды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
12 Тамыз, 2020
Құтқарушылар Іле Алатауында ер адамды құтқарды
2020 жылғы 10 тамызда 9 адамнан тұратын бір топ турист Карлытау шыңына дейінгі бағыт бойынша серуенге аттанды. Кешке Богданович мұздығының ауданында (3700) ер адамдардың бірі ауырып, мұрнынан қан кетіп, шамамен 40 минутқа созылған сіңір тартылуы басталды. Осыдан кейін зардап шеккен адам қатты әлсіздікті сезініп, өздігінен таудан төмен түсе алмаған. Бұл туралы ІІМ ТЖК РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
12 Тамыз, 2020
Таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды
Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті коронавирус пандемиясына байланысты жастар арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
12 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте пневмонияның 1423 жағдайы тіркелді
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1423 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2020
Шығыс Қазақстанда ханбалықты шарбақта өсіру әдісі қарқын алып келеді
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ханбалық өсіретін шаруашылықтарының жұмысын қатаң бақылауда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2020
Экология министрі өңірлердің сумен қамтамасыз етілуіне талдау жасайды
Қазақстанда келесі вегетациялық маусымда суды аз тұтынатын дақылдардың егісі артуы мүмкін. Бұл туралы "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндады. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
12 Тамыз, 2020
Жамбылдық тәртіп сақшылары донор болды
Донорлық қанның жетіспеуі бүкіл Қазақстан үшін қазіргі көкейкесті мәселенің бірі. Түрлі бастамалар арқылы оған қоғамның үнемі назары аударылып келеді. Сауапты іске бұл жолы Қылмыстық-атқару жүйесі Жамбыл облыстық департаменті ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері мұрындық болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2020