Оқи отырыңыз
Шымкентте үш провизорлық орталық уақытша жұмысын тоқтатты
Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық станционардағы төсек орындар уақытша жабылды. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиялық ахуал жөнінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Тамыз, 2020
Алакөл жағалауында қауіпсіздік пен карантин талаптары қатаң сақталуда
Алматы облысының тәртіп сақшылары облыстағы Алакөл жағалауында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды атқарады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
04 Тамыз, 2020
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 418, 48 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
04 Тамыз, 2020
Мақтааралда эвакуациялық бекеттер едәуір азайды
1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы "Сардоба" су қоймасы апатқа ұшырағаннан соң Мақтаарал ауданында су басу қаупі туындаған 13 елді мекеннің тұрғындарын эвакуациялау туралы аудан әкімі Бақыт Асанов шешім қабылдап, жалпы саны 30 мыңнан асатын халық бір түннің ішінде көшірілді. Оның ішінде тұрғын саны 15 мыңға жететін аудан орталығы Мырзакент кенті де бар.
04 Тамыз, 2020
Елордада әлеуметтік тұрғын үй құрылысы басталды
Қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімінің Instagram парақшасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
04 Тамыз, 2020
Қайғысын ізгі ісімен жеңілдеткен
Қай кезде болсын жастар қоғамның белсенді тобы, қозғаушы күші саналады. Ал қазіргідей қиын сәттерде жастарымыздың ел ісіне бел шеше кірісіп, өздерінің ізгілікті іс-қимылдарымен көрінуі көңілге жылылық ұялатпай қоймайды.
04 Тамыз, 2020
Сәтімен жүзеге асқан «100 жаңа есім» жобасы жастар арасындағы ғана емес, жалпақ елге танымал шараға айналғаны анық. Әуелгіде Тәуелсіздік жылдарында қанат қаққан талантты жастарды таныту мақсатында бастау алған жоба қазір жалпыхалықтық идеяға ұласып, қазіргі заманның үздік көшбасшыларын анықтауға қызмет ете бастады.
04 Тамыз, 2020
Тұңғышы алғашқы мүшел жаста, кішкентайы өткен жылы дүние есігін ашқан 8 баланың анасы күні кешеге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген. «Пәтерден пәтерге ауысып, шиеттей 8 баламен қатты қиналдық. Күйеуімнің бір өзі жұмыс істегендіктен күн көрісіміз де мәз емес еді. Демеушілер тауып, Шардара қаласынан баспана берген аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мырзаға алғысым шексіз», дейді көп балалы ана Регина Сүйеуова. Он баланың анасы Гүлбаһар Әбдіхалыққызының да айтар алғысы шексіз. Тізе берсек облыс, аудан әкіміне, жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілерге ризашылығын білдіруші аналар аз емес.
04 Тамыз, 2020
Бүгінде республикалық маңызы бар жолдар бойында 2 мыңнан астам сервис нысандары орналасқан. Өкінішке қарай, оның жартысына жуығы ғана ұлттық стандарттар талаптарына жауап береді. Қалғанында санитарлық-гигиеналық, қолжетімді қызмет көрсету жайы төмен, басқа да кемшіліктері көп. Сапасы сын көтермейтін нысандар Солтүстік Қазақстан облысында да аз емес.
04 Тамыз, 2020
Оқырмандар онлайн олимпиадаға ой қосты
Жуырда бас басылымда «Онлайн олимпиадалар ойды жетілдіреді» («EQ», 21 шілде, 2020 жыл, №138) атты мақала жарық көрген еді. Мектеп қабырғасында қатысуға міндеттелетін пәндік олимпиадалар көбінесе қатысушылардың пікірін ескере бермейді. Бұл бүгінге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан түйін. Осы мәселеге бейжай қарамаған оқырмандардың пікірі сан алуан.
04 Тамыз, 2020
Қауіпті індетке шалдыққандарды емдеуде ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге қолдау білдіруші көп. Солардың қатарына Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамбеясы филиалының мүшелері мен еріктілері де қосылып, игіліктің істің ортасынан табылды.
04 Тамыз, 2020
Адамзат тарихында ауқымы, адам шығыны және басқа да жақтарынан алып қарағанда Екінші дүниежүзілік соғыстан асатын алапат соғыс жоқ шығар. Осы бір қан-қасап соғысқа қатысып, Жеңісті жақындатқандардың бел ортасында Сарыбаевтар әулетінің ұландары да болды.
04 Тамыз, 2020
Қоғамдық жағажайлардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, тұрғындар Павлодар облысындағы су айдындарында шомылуды доғарар емес. Адамдар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылғандықтан, қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруда.
04 Тамыз, 2020
«Атыңнан айналайын Қарқаралы, сенен бұлт, менен қайғы тарқамады», дейді Мәди. Жалпы, көркем әдебиетте мұң басқан көңіл, халық басындағы қайғылы жағдай көк жүзін тұтып алған қалың бұлтқа теңелетіні белгілі. Өйткені аспанды бұлт торлағаны адамның көңіл күйіне де әсер етеді. Жарқ етіп бұлт астынан күн шықса, көңіл де көтеріліп сала береді.
04 Тамыз, 2020
Ниет пен құлшыныс тізе қосса, талапты жастың қолынан келмейтін дүние жоқ. Мұны көкше теңіз жағасындағы Балқаш қаласында тұратын Мақсат Тақабаев есімді еңбекқор жігіт іспен тақа дәлелдеп жүр. Қазір ол Made in Balkhash тауарлық белгісімен спорттық жеңсіз жейде тігіп, шаруасын дөңгелете бастады.
04 Тамыз, 2020
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.
03 Тамыз, 2020
Шілдеде сall-орталығы 4748 діни сұраққа жауап берді
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық сall-орталығы шілде айында халықтан түскен жалпы 4748 діни сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Тамыз, 2020
Елордалық үш оқушы халықаралық олимпиадада күміс жүлдені олжалады
Американың математика қауымдастығы (MAA) мен AOPS халықаралық платформасы өткізген Cyberspace Mathematical Competition олимпиадасында қазақстандық оқушылар ел намысын абыроймен қорғады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
03 Тамыз, 2020
Елімізде жыл басынан бері 75 бала терезеден құлады
Елімізде жыл басынан бері 75 бала терезеден құлады, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Тамыз, 2020
М2 көпір құрылысы 4 тамызға дейін толықтай жабылды
Орташа жөндеу аясында М2 көпір құрылысында Мәңгілік Ел даңғылынан Амман көшесіне дейін жол құрылысын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 тамыз аралығында қозғалысты толығымен жабу жоспарланған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
03 Тамыз, 2020