Оқи отырыңыз
«Бізді жақын-жуықтарымыз «полицейлер әулеті» деп атайды. Өйткені өзім де ішкі істер органдарында қызмет атқардым, қазір ұлым да, келінім де осы салада еңбек етеді» деп бастады әңгімесін Серікбай Нұрмұханбетов.
08 Қараша, 2019
Олимпиада-2020: Кезекті жолдама қоржында
Стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында «трап» жарысының қыздар арасындағы бәсекесі аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша отандасымыз Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
08 Қараша, 2019
Плей-офф кезеңіне шыққан үш команда белгілі
Өткен сейсенбі-сәрсенбі күндері футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі 4-тур ойындары өз мәресіне жетті. «Ювентус», «Бавария» және ПСЖ командалары өткен турда қарсыластарынан басым түсіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.
08 Қараша, 2019
Жуырда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Көненің көзі» көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.
08 Қараша, 2019
Алматыдағы Орталық музейде суретші-педагог Керімбек Жұмаділханның «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрме Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған болатын.
08 Қараша, 2019
Биыл мамыр айында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары мен студенттері бірлесе отырып, «7 жаңа туристік маршрут» жобасын қолға алған-ды. Жақында аталған стартап жоба аясында Алматы облысының тарихи орындарына арнайы экспедиция жасақталып, студенттер киелі жерлермен танысып қайтты.
08 Қараша, 2019
Жолдарды қысқы кезеңге дайындау жалғасуда
«Қазақавтодор» ЖШС республикалық маңызы бар жолдарды 2019-2020 жылғы қысқы кезеңге дайындау аясында көліктің қауіпсіз және кедергісіз қозғалуына ықпал ететін қажетті жұмыстарды жүргізуде.
08 Қараша, 2019
Азық-түлік бағасы бақылауда ма?
Басқа өңірлерге қарағанда Түркістан қаласында әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеді. Бұған Түркістан облысы әкімдігі, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, Тұрақтандыру қорының өкілдері мен журналистер тобы қала дүкендеріндегі әлеуметтік өнімдермен қатар нанның бағасын тексеруге рейд ұйымдастыру нәтижесінде көз жеткізді.
08 Қараша, 2019
Саналы ғұмырын ғылымға арнап, соңына талай құнды дүние қалдырған ғалымдар аз емес. Соның бірі – үздіксіз ізденіс пен жанкешті еңбектің нәтижесінде өз қолтаңбасын қалыптастырып, қаншама шәкірт тәрбиелеген академик Әбдіғаппар Кенжебайұлы Жәкелов.
08 Қараша, 2019
Демократиялы қоғам құру басты бағыт
Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміз тәуелсіздік алған жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен дүние жүзіндегі тұрақты да беделді мемлекеттердің біріне айналғанын, бұл кезеңнің «жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім» кезеңі болғанын атап өтті.
08 Қараша, 2019
Ғылымсыз сапалы білім беру мүмкін емес
Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген мәселелердің бірқатары білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы месседждерінің жалғасы болды. Президент басты мәселелер ретінде қалалық және ауылдық мектептер арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты, оқулықтар сапасының жеткіліксіздігін, елдің жоғары оқу орындарының талапқа сәйкес келмейтін деңгейін атады.
08 Қараша, 2019
Әскери медициналық орталыққа – 50 жыл
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медициналық орталығы өз мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда әскери медицинаның дамуына өлшеусіз үлес қосқан мамандар мен орталықтың жетістіктері айтылды.
08 Қараша, 2019
Семейлік зияткерлер домбыра тартатын робот құрастырды
Семей қаласы физика-математика бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Бақытбек Орынбаев пен оқушылар Мирас Мұратқанов, Нұрбол Мақтаев домбырада ойнай алатын робот құрастырды. Өнертапқыштар бұл еңбектерін Хәкім Абайдың 175 жылдығына арнап отыр. Бұл туралы НЗМ баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қараша, 2019
Тіл білімі институтына якутиялық ғалымдар келді
Жақында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына Ресей ҒА Солтүстік Сібір бөлігіне қарасты Саны аз халықтар мәселесі және гуманитарлық зерттеулер институтының бір топ ғалымы келді.
07 Қараша, 2019
Түркістан: Кәсіпкерлердің көмегімен салынған спорттық нысандар қатары көбейе түсуде
Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында бір мезетте 200-ден астам адам жаттыға алатын заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
07 Қараша, 2019
Жыл соңында Байқоңырдағы ғарыш кешенінің аты өзгереді
Жылдың соңында Байқоңырдағы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
07 Қараша, 2019
Әли Бақтыгереевтің қолтаңбасында дала дәстүрі, ұрпақ сабақтастығы, ұлт тарихы дара мәнге ие. Кескіндеменің пластикалық-образдық жүйесін және алуан түрлі композициялық шешімдерді жіті меңгерген шебер бұл тақырыпқа келгенде ерекше шабыттана түсетіндей. Оның туындылары стилистикалық мәдениетке, ерекше көңіл күйге, махаббат мен мейірім шуағына толы.
07 Қараша, 2019
Өмірде жұмбағы мол, тағдыры күрделі, өзіндік өмір жолы бар тұлғалар болады. Оларды әркім өзінің таным-түйсігіне, адами қасиетіне, парасат-пайымына қарай бағалайды. Осындай тұлғаларымыздың бірі, қазақтың даңқты перзенті – Мәжіліс депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.
07 Қараша, 2019
Дәстүрлі байқау жалғасын тапты
Елордадағы Достық үйінде Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың алтын көпірі» байқауы өтті.
07 Қараша, 2019