Пікірлер .
Табысу мен табыстың темірқазығы
Қазақстанды әлемге таныту мақсатында қолға алынып жатқан әйдік жобалардың түбі баянды болса екен деп тілейсің. Жер бетінде «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген даналыққа жүгінген халық барын төрткүл дүние тани түскен сайын еңсе көтеріледі, айбын асқақтай түседі. Иә, отыз озық елдің арасынан ойып алар орынды көздеген Мәңгілік Елдің мұраты айқын. Ол – Қазақстанның жақсы атын әлемге жаю.
27 Қараша, 2017
«Батпандап кірген мысқалдап шығады»
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бүгінгі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігі ерекше. Мемлекет басшысының өзі «Қазіргі жағдайда министрліктің жұмысы еліміз үшін аса маңызды», деп аталған ведомство көтерген жүктің ауырлығы мен жауапкершілігіне айрықша мән-мағына берген болатын.
10 Қараша, 2017
Артық жұмыс – адамның ақысын жеу
Мемлекеттік органдарда қызмет ететін таныстарымыздың жұмыстан кеш қайтатынын сырттай жақсы білеміз. Бұған олардың да еті үйреніп кеткен, қоғам да мұны үйреншікті құбылыс ретінде қабылдайды.
30 Қазан, 2017
Бұқаралық спорттың көсегесі қайтсе көгереді?
Біз айтқалы отырған мәселенің бүге-шігесін жақсы білетін мамандар ұсынған кейбір деректерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда еліміздегі жастардың тек 7-9 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен айналысады екен.
16 Қазан, 2017
Спортшылардың «спорттық ғұмыры» қамшының сабындай қысқа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыздың жуан ортасында жай оғындай жарқылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, футболшы бутсысын шегеге іледі. Иә, талай жылғы серігімен қош айтысқан ардагер спортшының қай-қайсысы болса да «Әрі қарай не істеймін?» деген тағдыршешті сұраққа түбі бір маңдай тірейді.
21 Қыркүйек, 2017
Қайырын бергені сол емес пе, қазіргі таңда қазақтың ұлттық спортының тамырына қан жүгіре бастады. Төрт аяғынан тең басып кетті деуге келмес. Бірақ, іздегенді таптырғандай, өшкенді жандырғандай өрелі істер баршылық. Дегенмен, ұлт спортының, атап айтқанда аламан бәйгенің бүгінгі бет-бейнесі қандай? Осыған біз зер салып, ой көзімен қарап көрдік пе?
13 Қыркүйек, 2017
Ұстазын сыйламаған ұятқа қалдырады
Ұлттық таным мен елге, жерге деген құрмет сезімін қалыптастыратын отбасының тәрбиесі – адамның тұлға болып жетілуінің кепілі.
30 Тамыз, 2017
Сочи Олимпиадасынан сабақ алдық па?
Тоғыз айдан кейін Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында ХХІІІ Қысқы Олимпия ойындарының алауы жағылады. Ақ қар, көк мұз үстіндегі бұл аламанда әлемнің 90-ға жуық мемлекетінен қысқы спорттың небір хас шеберлері бақ сынайды екен.
12 Маусым, 2017
Жұмыс бабында бүгінгі спортымыздың жай-күйі туралы осы саланың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген азаматтармен жиі әңгімелесуге тура келеді. Саланың сан-салалы мәселесін бес саусағындай біліп қана қоймай, олардың шешу жолдарын да талмай іздестіріп жүрген осы жандардың спортқа деген жанашырлық пейілін көріп көңілдің марқаятыны бар. Сондай азаматтың бірі – Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы директорының бірінші орынбасары Самат Ерғалиев.
18 Мамыр, 2017
Көрменің көрігін спорт қыздырады
Ағымдағы жылдың 10 маусымында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.
27 Сәуір, 2017
Басқаларға үлгі еткің келіп тұратын Азаматтар болады. Мінезі – кесек, тұлғасы – нар, істеген ісі – зор. Ол басқаларды жақсылығымен жарылқап, шапағатына бөлеп жүреді. Жаратылысынан атаның емес, адамның баласы. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген көпке жанашыр табиғаты тағы бар... Елбасы күні кеше «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі». Осы орайда, туған жерге деген адалдығынан айнымай, онысын маңдай терімен дәлелдеп келе жатқан бір азамат туралы айтарым бар еді...
14 Сәуір, 2017
«Қазақтың салмағына» кім иелік етеді?
Алаш боксына абырой мен құт әкелген 69 кило дәрежесіндегі салмақты қазір әлем қазақтікі деп біледі. Дәл осы салмақта төрт бірдей боксшымыз Олимпиада чемпионы атанды.
27 Қаңтар, 2017