Оқи отырыңыз
Медеу шатқалындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан сержанттың анасына орден табысталды
2023 жылғы 20 мамырда ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қаза тапқан сержанттың анасы Бақытгүл Құрманбековаға III дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина Мария Шарапованың жетістігін қайталады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 1968 жылдан бері бір маусымда Аустралия ашық чемпионаты және Индиан-Уэллс, Майами және Рим WTA 1000 турнирлерінің финалына шыққан үшінші ойыншы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Мамыр, 2023
Рыбакина мен Остапенко арасында жанжал шықты
Әйелдер теннисінде жанжал туындай жаздайды. Елена Рыбакинаның тәлімгері Стефан Вуковтың айтуынша, Елена Остапенко Римдегі (Италия) WTA 1000 жартылай финалында және одан кейін де біздің жерлесімізге тіл тигізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Мамыр, 2023
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді
Хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатында екінші рет сәтті өнер көрсетті. Біздің спортшылар Словакияны буллит бойынша 4-3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Мамыр, 2023
Америка психология қауымдастығы биыл дүние жүзінде күйзеліс көп болады деп пайымдаған еді. Бұл тұжырым шындыққа айналып, қазір әлем бойынша бес адамның үшеуі жан дертіне шалдыққаны байқалады.
19 Мамыр, 2023
«ХҚКО-лар қытай тілінде қызмет көрсетеді». Вице-министр жұрттың қорқынышын сейілтті
Желіде халыққа қызмет көрсету орталықтары қытай тілінде де қызмет көрсетеді деген ақпарат шұбырып жүр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2023
Жел, жаңбыр: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
«Казгидромет» РМК синоптиктері 20-22 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2023
2023 жылы қай елде қанша теңгеге демалуға болады?
Жаз - демалыс маусымы. Осы уақытта шет елдерге барып демалу жоспарыңызда болса, қалтаңыздан қай елге қанша шығын кетінін алдын ала білген дұрыс.
19 Мамыр, 2023
Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдаланған жөн - Мемлекет басшысы
Президент Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» саммитінде трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Мамыр, 2023
Астанадағы Ұлттық музейге бір түнде 47 мыңнан астам адам барды
Ұлттық музейде өткен «Музей түні» халықаралық акциясына барлығы 47 мыңнан астам адам барды. Осылайша, өткен жылғы рекорд жаңартылды. Былтыр бұл іс-шараға 30 мыңға жуық адам қатысқан еді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Мамыр, 2023
Облыс орталығымен аттас ауылдың халқы жергілікті кәсіпорындар елді мекен маңайын заңсыз күл-қоқыс орындарына айналдырып, экожүйені бұзып отырғанына алаңдаулы. «Павлодар жолдары» фирмасы жуықта мұсылмандар зираты орналасқан аумақта көп көлемде битум төгіп, оған қаңғыбас иттер мен ұсақ жануарлар түсіп, қырылған. Бұдан бөлек құрамында сынап бар заттар тасталып жатқаны да тұрғындардың наразылығын тудырды.
19 Мамыр, 2023
Қауіпті дерттен қорғана біліңіз
Тілге тиек етіп отырғанымыз – АИТВ/ЖИТС індеті. Қарапайым тілмен айтқанда, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқпасы ЖИТС-тің (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) басты себебі болып саналады. Ол АИТВ жұқтырған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары, ана сүті, дені сау адамға басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы берілуі мүмкін. Нашақорлардың ине мен шприцті бірнеше рет пайдалануы да АИТВ-ның есірткі қолданушылар арасында таралуына әкеліп соғады.
19 Мамыр, 2023
Рудный қаласының тұрғыны таяуда ғана жеке кәсібін ашып, кір сабын шығара бастады. Қаланың орталық базарында «Үшқұдық» деген сауда белгісімен сатыла бастаған жергілікті өнімнің сапасы сырттан әкелініп жатқан кір сабындардан артық болмаса, кем емес. Бір әттеген-айы, сабынды көптеп шығаруға қаржы тапшылығы қолбайлау болып, кәсіпкер өз өндірісін жүйелі түрде жолға қоя алмай отыр.
18 Мамыр, 2023
Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері Рапунцель синдромына шалдыққан атыраулық балаға МӘМС жүйесі аясында операция жасап, асқазанынан «шашты ісікті» алып тастады.
18 Мамыр, 2023
Петропавл қаласында қыздар арасында бокстан VI жазғы республикалық спартакиада басталды. Бұған еліміздің барлық аймағынан 17 командаға біріккен 90 қыз қатысып жатыр. Соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызға ие қалалардың командалары да бар. Қатысушылар 12 салмақ санаты бойынша чемпиондық атаққа таласады.
18 Мамыр, 2023
Жамбылдықтар бокстан Ташкент төрінде өткен әлем чемпионатын асыға күткені рас. Өңір боксшылары 24 жыл бойы жаһандық жарыстың алтын жүлдесін мойнына ілмеген. 1999 жылы Хьюстонда өткен байрақты бәсекеде Болат Жұмаділов топ жарғалы да ширек ғасырға жуықтапты.
18 Мамыр, 2023
Олимпиада чемпионына жол берді
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңнің төртінші тур ойынын өткізіп, тағы да жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды. Бұл жолы жерлестеріміз тоғыз дүркін Олимпия ойындарының чемпионы, 27 мәрте әлем чемпионатында оза шапқан даңқты Канада құрамасымен күш сынасып, 5:1 есебімен жол берді.
18 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы «Internazionali BNL d’Italia» турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізіп, өз карьерасында алғаш рет Италиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.
18 Мамыр, 2023
Сән әлемінде ойып алар орны бар «Асыл дизайн» сән үйінің отыз жылдығына орай Таразда дәстүрлі «Aspara Fashion Week» апталығының он бірінші маусымы ұйымдастырылды. Халықаралық іс-шараға жоба жетекшісі Айдархан Қалиев, «Ирина Набоко» сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко, басқа да мәртебелі меймандар қатысты.
18 Мамыр, 2023
Димаш Құдайбергеннің польшалық жанкүйерлері үш жылға жуық уақыт бойы әншінің шығармашылығы мен қазақ мәдениетіне арналған онлайн радиостансаны жүргізіп келеді. Ал былтырдан бастап «Димаш» радиосы қазақ тілі курсын жүргізуді қолға алды. Радионың хабар тарату желісі тек Польша ғана емес, бүкіл Еуропалық одақ елдерін қамтиды.
18 Мамыр, 2023