Пікірлер .
Елімізде іс-қағаздарды жүргізу электронды нұсқаға көшіп жатқаны белгілі. Цифрлы қоғамға нық қадам басқанның әсері ме екен, тұрғындар электронды темекіні қолдана бастады. Өкініштісі сол, жасөспірімдер, әсіресе қыздар арасында бұл әдет белең алып, қоғамның дертіне айналып отыр. Ұят қысып, бір бұрышта тығылып тарту жоқ қазір.
14 Наурыз, 2023
Спорт деген – бір сиқыр. Халықаралық дүбірлі додаларды қалт жібермей, жұмыстан ерте шығудың амалын ойластырып, теледидардың пультіне таласып, сарапшы болып кететініміз бар. Отандастарымыз жүлде алған сәтте кейде шын қуанбайтын сәттер де болады. «Қазақтың ұл-қыздары медаль таққанда ғой» деп іштей қынжылатынымыз рас. Өзімізден де кінә бар...
14 Ақпан, 2023
Жастардың жанды жері – баспана
Былтыр желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, жастардың жас шегі 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылғаны белгілі. Бұл – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер етіп, баспана сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек.
19 Қаңтар, 2023
Қоғамда ел тағдыры шешілетін маңызды науқанға атүсті қарап, сайлауда дауыс беруге ынтасы жоқ жандар да кездеседі. «Отан отбасынан басталады» деуші едік. Тұрғындар неге отбасылық тұрғыдан ғана ойланып, елдік маңызы бар шаруаларға бас ауыртпайды? Тұрмыс тауқыметі ме, әлде идеологиялық жұмыстың ақсап тұрғаны ма?
08 Қараша, 2022
– Қатын, тамағың дайын ба? Тағы да құр рожки қуырғансың ба? Анау көрші Мараттың келіншегін қарашы, пысық. Қашан өтсең де дәмді тамақ пісіріп жатады. Иісі мұрныңды жарады.– Күйеуі сен сияқты күні бойы диванда аяғын көкке көтеріп жатпай, таксист болып қосымша табыс табады. Сенің жүрісің мынау, не тұрақты жұмысың жоқ. Күнде араққа сылқия тойып келесің. – Жыныма тиме, әкеңнің... – Алло, полиция ма екен? Күйеуім қол көтерді...
09 Қазан, 2022
Бір жапырақ қағазға жазылған соңғы сөз. Екі дүниенің арасындағы шешуші сәт. Үш ұйықтаса түсіне кіріп көрмеген мәжбүрлі шешім. Төрт құбыласы түгел болмағандықтың салдары. Бес күн жалғандағы бақытсыздық. Алты банктен алған несие. Жеті жастағы ауру баласының жан қиналысы. Сегізінші қабат. Қош бол, өмір...
06 Қыркүйек, 2022
О-о-оңға! С-о-олға! Бала кезде сарбаз болуды армандағандар қазір әскерден қашып, оң-солын ажырата алмай жүр. Төртінші курстың студенттері «қайда жұмысқа орналасамын?» деп емес, «қай әскери бөлімге алып кетеді екен?» деп алаңдайтыны рас. Майтабандардың өзінен сабыр қашқан. «Ірілері» іріктеуден іркілмес. Жүйке жүйесі әлсіздер де әскерге аттанып, суицидтің жиілеп кетуі содан емес пе екен?
07 Тамыз, 2022