Пікірлер .
Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік
Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлемдік деңгейдегі қайраткерлік болмысына берілген баға деп пайымдаймыз.
18 Қаңтар, 2018
Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Тарих біз туралы жақсы айтатын болады, себебі оны өзіміз жазамыз» деген сөзі бар екен.
16 Желтоқсан, 2017
Халқымызда «Жүйелі сөз жүлгесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген ұлағатты сөз бар. Бауырлас халықтарға ортақ осы аталы сөз Атамбаевқа қарай айтылғандай көрінеді бұл күнде.
21 Қараша, 2017
Ұзақ тарих көшінде шашылып қалған ер-тұрманы бүтінделіп жатқан ел ретінде кейде кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерге кешіріммен қарау – заңдылық. Ал, кей тұста көзге ұсақ секілді көрінгенмен көңілде ұлы ұғым ретінде бас көтеретін дүниелер болады.
03 Қараша, 2017
Жаңғыруға бастаған нақты қадам
Халықты рухани жаңғыруға бастаған Елбасымыздың бағдарламалық мақаласы жарияланған күннен бері «Егемен Қазақстанда» қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру ісіне қатысты көптеген пайымды пікірлер жарық көріп келеді. Бұл латын әліпбиіне қатысты тағдыршешті жобаның тарихи маңызын айқындай түседі.
12 Қыркүйек, 2017
Алпыс екі тамырында ата-баба қаны айналып жатқан қазақ баласына төрдің қадірі мен қасиетінің қаншалықты биік екенін айтып жатудың өзі артық шығар, бәлкім. Десе де, «балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» алмағайып уақытты бастан өткергеннен кейін, баяғы бабалар басып өткен рухани әлемге қайырыла қарап, барымызды бағалап, жоғымызды түгендеуге молынан мүмкіндік туған осы бір тәтті де сәтті рухани жаңғыру кезеңінде сол төріміздің иесі һәм киесі төңірегінде ойымыздағы оралымдарды ортаға салып отырмыз.
06 Қыркүйек, 2017
Пассионарлық рухтың парасатты қаласы
Күлтегін ескерткішінде: «Түрік қағаны Өтүкен қойнауында отырса, елде мұң жоқ. Өтүкен қойнауында отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың» деп, тасқа жазып қалдырған екен. Одан беріде данышпан әл-Фараби «парасатты қаланы», Асанқайғы «Жиделібайсынды» аңсады. Бабалар армандаған Өтүкен мен Ергенеқон, жер жәннаты Жерұйық пен Жиделібайсын – соның бәрі бүгінде ақиқатқа айналып, Астанамен астасып жатқандай...
06 Шілде, 2017
Тағдырдың талай теперішінен өтіп, азат күнге, аңсарлы арманына қол жеткізген еліміз үшін бүгін аса маңызды күн. Бүкіл Қазақстан халқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан тура 20 жыл бұрын арнайы Жарлығымен бекітілген атаулы дата – 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
31 Мамыр, 2017
Самарқанның көк тасы жібіген күн
Дана халқымыз әспеттеп, әзиз-әулиеге теңеп «Әз-Наурыз» деп атайтын Ұлыстың Ұлы күні биыл еліміз үшін айрықша сипатта тойланды.
24 Наурыз, 2017
Мәңгілік Ел мұраты жаңғыру жолында
Әр халықтың аңсар-арманы, мақсат-мұраты болады. Ұлы миссияға ұмтылған ұлттардың бағындырар белестері мен алар асулары да биік болмақ. Бұл ретте, Елбасы айтқандай, ержүрек, қаһарман қазақ халқының алға қойған ізгі мұраты – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау! Мәңгілік Ел мұраты – бағзыны бүгінге жалғайтын терең тамыр, бүгінді болашаққа бастайтын алтын арқау, ұлы аңсар!
15 Ақпан, 2017
Биылғы жыл әлем назарын Астанаға аударған айтулы оқиғамен басталды. Қарулы қақтығыстар толастамағанына алты жылға жуықтаған Сирия мәселесіне байланысты басты тараптарды бір алаңға тоғыстырып, бір үстелдің басына жинап, олардың өзара бітімгерлік келіссөздер жүргізуіне мұрындық болу миссиясы Астанаға сеніп тапсырылды.
23 Қаңтар, 2017
Табалдырығымыздан тағы бір жыл аттады. Жақсылыққа, табысқа толы жыл болғай деген тілек үстіндеміз.
05 Қаңтар, 2017
Аласапыран кезде ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқын арайлы азаттыққа бастады. Сол арқылы арқауы үзіліп қалған елдік дәстүр жалғанып, төрт құбыласы түгел мемлекеттің негіздері орнықты. Күн астында алтын қыраны қалықтаған аспан түсті көк байрақ асқақ желбіреді. Ұлт ұйысып, қаймағы бұзылмаған берекелі бірлік орнады.
17 Наурыз, 2015