Руханият • 07 Мамыр, 2019
Ұлт мұрасына ие бола алмадық па?
Жақында «Қорқыт ата» дастанының тағы бір көне нұсқасы табылғаны белгілі болды. Түркиялық ғалым, профессор Метин Екижи жариялаған нұсқа Қазақстаннан табылды. Әлбетте, бұл жаңалық әрісі күллі түркіге, берісі қазақ халқы үшін қуаныш екені сөзсіз. Өйткені көне дастанның бізге белгілі екі қолжазбасы ғана болған-ды. Оның бірі 1815 жылы Германияның Дрезден қаласынан, екіншісі 1952 жылы Ватиканның кітапханасынан табылды. Ал үшінші қолжазба Қазақстан жерінде сақталыпты. Тек, бұл жаңалықтың «бірақ» дейтін тұстары бар.
Экология • 07 Мамыр, 2019
Қырылған балық табиғат құбылысының қайталануы ма, қауіпті ескерту ме?
Биыл Қостанай – Торғай өңірінде көктем ерте келді. Бірақ ерте көктем құрғақшылықты меңзегендей, шыңылтырланып, жердің шаңы көтеріліп тұр. Оның үстіне наурыздың аяғы мен сәуір айында өзен-көлдер жаппай мұз құрсауынан арыла бастағанда судың бетіне өлі балық бірге шықты.
Руханият • 07 Мамыр, 2019
Отан қорғаушы күні —мемлекеттік мереке ретінде еліміздің барлық түкпірінде аталуда. Бұл мерекенің маңыздылығы мен мәнін Қазақстан азаматтарының бәрі де жақсы сезінуі керек.
Қоғам • 07 Мамыр, 2019
Елімізде көп балалы аналардың саны 340 мыңнан асады. Елордадағы көп балалы аналармен кездескен кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмектің 10 жылға жалғасатын ауқымды жоба екенін айтып, биыл бұл көмекпен 830 мың қазақстандық қамтылатынын жеткізген болатын. Сондай-ақ министр қазірдің өзінде республика бойынша өтініш берушілердің саны 700 мыңға жеткенін хабарлаған еді.
Руханият • 06 Мамыр, 2019
Алматыда «Шығармашылық вирусы» атты суретшілер көрмесі ашылады
2019 жылдың 8 мамыр күні Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің қабырғасында «Шығармашылық вирусы» атты кескіндеме және графика көрмесі ашылады.