Пікір • 25 Желтоқсан, 2025
Бізде «жылжабар» деген ұғым бар. Елдік бағдардағы баспасөз де, теле-радио да, тіпті әлеуметтік желіде де жыл қорытындысын осылай айтады.
Басылым • 25 Желтоқсан, 2025
Мегаполис айнасындай қос басылым
Тәуелсіздікпен тағдыры тоғысқан қазақ баспасөзінің жаңа дәуірі еліміздің әр өңірінде өзіндік үнін қалыптастырды. Шымкент қаласында жарық көретін «Шымкент келбеті» мен «Панорама Шымкента» газеттері шежіресі – егемендіктің алғашқы жылдарынан бастау алған бірегей басылымның бірі. 1990 жылдың 21 шілдесінде алғаш оқырманға жол тартқан қос басылым отыз бес жыл бойы шаһардың күнделікті өмірін, тыныс-тіршілігін қағазға қаттап, уақыт жадында қалдырып келеді. Бұл – бір редакцияның ғана тарихы емес, тәуелсіздікпен бірге есейген қаланың, өзгерген қоғамның, жаңарған сананың жылнамасы.
Пікір • 25 Желтоқсан, 2025
Биылғы жыл қарапайым еңбек адамдарының игерген кез келген кәсібі ел экономикасына қажет екенін тереңірек ұғындыра түскендей. Жұмысшының адал еңбегінің артында таудай игілік тұрады.
Пікір • 25 Желтоқсан, 2025
Отанға – құрмет, маманға – мәртебе
Маған «Үздік жас өндіріс қызметкері» аталымы бойынша І орын алып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бұл жетістік менің ғана емес, адал еңбекті өмірлік ұстаным еткен барша жұмысшы мамандардың еңбегіне көрсетілген құрмет.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Желтоқсан, 2025
Еңбек адамы – ел дамуының негізі
Мемлекет басшысы биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Он екі айдың өзегінде еңбек адамдарының ерен істері, өнегелі өмірі мен толағай еңбегі сараланды, бағаланды. Ауыр жұмысты арқалап жүрген азаматтар әрдайым төрден орын бұйырып, құрметке бөленуге тиіс.