Басылым • 02 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында: «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының елімізде, әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарасы болу керек. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты», деген еді. Ал былтыр Үкімет қаулысына сәйкес, қазақ журналистикасының ізашары саналатын «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі шыққан күн Ұлттық баспасөз күні болып бекітілді.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Елімізде балалардың да қазба байлықтан алар еншісі бар екені ескеріліп, шоттарына тұңғыш табыстары түсті. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында есептелген кірісті зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттан көруге болады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелген. Дәл қазіргі сәтте бағдарламаға 2006 жылдан бері өмірге келген 6 919 131 бала қатысады.
Несие • 02 Ақпан, 2024
Агробанк: Шаруаларға септігі тисе игі
Бұл мәселе көтерілгелі көп жыл өтті. Әдепкіде шаруа күйттеген елдегі ағайынның осындай ішкі тілегі болған. Кейінгі он жылдықта барлық өңірде ашық айтылып, ел аралаған депутаттар алдында да жиі-жиі көтеріле бастады. Қуаныштысы, ауылдағы ағайын айтқан талап-тілек Астанаға да жеткен.
Денсаулық • 02 Ақпан, 2024
Қатерлі ісік – елеусіз қалдыруға болмайтын дерт
Әлем халқы, медициналық қауымдастықтар қатерлі ісікке қарсы күрес жұмыстарына келгенде тізе қосып, ұдайы тәжірибе алмасып отырады. Қалай дегенде де ресми деректерге үңілсек, дүние жүзінде қатерлі ісік өлім-жітім дерегі бойынша екінші қатарда тұр. Аурудың қаупін, себеп-салдарын ескеріп, 4 ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні болып белгіленген.
Әлем • 02 Ақпан, 2024
Әзербайжан: Ел дамуының жаңа дәуірі
Әзербайжан Республикасында 2024 жылғы 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Әзербайжан көшбасшысы Ильхам Әлиев мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Әлиевтің қазіргі өкілеттігі 2025 жылы аяқталады, бірақ сайлау осы жылдың ақпан айында өтеді. Бұл шешімнің астарында не бар?