Шаруашылық • 01 Ақпан, 2024
Биылғы қалың қар, қатты қыс мал шаруашылығына оңай тиіп жатқан жоқ. Бұл әсіресе қазақ «ер қанаты» деп бағалаған жылқы малына аса ауыр тиіп тұр. Осыған орай «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшелері Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған еді.
Пайдалы қазбалар • 01 Ақпан, 2024
«Қашаған» тереңіндегі «қара алтын»
Елімізде әлем көз тіккен, құрлықтан да, су түбінен де «қара алтын» өндіру тәжірибесімен төрткүл дүниеге танылған ірі мұнай компаниялары көп емес. Мәселен, Атырау облысында дәл сондай екі кеніш бар. Бірі – «Теңіз», екіншісі – «Қашаған» кен орны.
Пікір • 01 Ақпан, 2024
Кәсіби мамандарға құлақ түрейік
Ел газеті «Egemen Qazaqstan»-да үнемі толғандырған тақырыптар төңірегіндегі, түрлі мәселе хақындағы, танымдық тұрғыдағы, кәсіби мамандар мен сауатты сарапшылар сараптаған тұшымды мақалалар жарияланады. Халық соны міндетті түрде оқуға тиіс. Мен бұл ойды газеттің тұрақты оқырманы ретінде айтып отырмын.
Ғылым • 01 Ақпан, 2024
Ғылымның отаны жоқ дегенменен...
Әлемнің әр қиырында табысты қызмет етіп жүрген қазақ ғалымдары жетерлік. Өкініштісі, олар Қазақстанның емес, сол елдің мүддесіне жұмыс істейді. Сондықтан сыртта жүрген отандастарымызды көпшілікке таныту, реті келсе елге қайтару – күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Өйткені біздің ел де ғылымды дамытуға ерекше ден қойып отыр. Ал мұндайда шетелде жүріп тәжірибе жинаған ғалымдардың көмегі көп болмақ.
Суицид • 01 Ақпан, 2024
Атырау облысында кәмелетке толмағандар құқығын қорғайтын 11 комиссия бар. Былтыр бұл комиссияларда 1 624 мәселе қаралған. Облыстық білім басқармасының басшысы Ерлан Сламбековтің айтуынша, жасөспірімдердің сабақтан тыс кезде құқық бұзушылық жасайтыны анықталып отыр.