Алматы • 24 Қаңтар, 2024
Қаңтардың 23-іне қараған түні қаннан-қаперсіз, бейқам жатқан, енді ұйқыға бас қоя бастаған Алматы тұрғындарын күтпеген дүмпулер сілкіп оятты. Жер мен көкті дірілдетіп, аспалы шамдарды шайқап, жиһаздарды сақырлатып тұрып алған жер сілкінісі үрейленген елді сыртқа жөңкілтті. Көпқабатты үйлердің баспалдақтарынан басталған кептелек таңға дейін ұласқан қала көшелеріндегі кептеліске айналды. Алматыны әлмисақтан қорқытып келе жатқан үрейлі күн бір жағынан бейуайым халықты қаладан қашырса, дүрбелеңге бастаған жалған ақпараттар мен белгісіздік тағы толастамады.
Сараптама • 24 Қаңтар, 2024
Гендерлік теңдік және әскери міндет
Қазақстандық қоғамдық даму институты Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының 2023 жылғы «Заманауи Қазақстан қоғамындағы гендерлік саясат» талдау есебінде гендерлік теңдік саласындағы әскери қызмет мәселесі де қарастырылған.
Білім • 24 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады», деп осыған орай арнайы бағдарлама қабылданатынын айтқаны есімізде. Қазір сол жоба іске асырылып, резервке 208 кандидат іріктелініп алынған. Мамандардың қатары жыл сайын толықтырылып отырылады.
Құқық • 24 Қаңтар, 2024
Қоғам талқысындағы құқықтық нигилизм
Құқықтық нигилизм немесе құқықтық немқұрайдылық – заң мен басқа да құқықтық актілерді білмеу, менсінбеу немесе саналы түрде оларды бұзу. Бұл бүгінгі қоғамымызда ашық көрініс тауып отырған әлеуметтік нигилизмнің бір көрінісі. Мұндай келеңсіздікке қарсы күрес заң үстемдігін қамтамасыз ету түрінде үздіксіз жүргізіліп келеді.
Заң • 24 Қаңтар, 2024
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актісіне өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы