Білім • 23 Қаңтар, 2024
Сапалы білім беру – әр мұғалімнің парызы. Оқушыны ғылымға бағыттап, іске қабілетті ету, ізгі құндылықтарға бойлату да сол парыздың ішіне кіреді. Бұл үрдіс мұғалімге үздіксіз дамуды, білімін жан-жақты жетілдіруді талап етеді. Ушинский айтпақшы, «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады». Осы тұста педагогикалық менеджменттің тиімді жұмыс істеу қажеттілігі туады.
Сұхбат • 23 Қаңтар, 2024
Қазақтың байырғы тарихы әлемді қызықтырады
Біз Отан тарихын байытатын ел ішіндегі һәм одан тыс жерлердегі дереккөздерді шам алып іздейтін сәтке дөп келіп отырмыз. Сан ғасырлық тарихымызды бұлай зерттеу де заман талабы, әрине. Осы орайда шетел мұрағаттарынан қазақтың өткеніне қатысты тың дүниелерді тауып, олжа салып жүрген тарих PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Токио шет тілдері университетінің шетелден шақырылған ғалымы Дүйсенәлі ӘБДІЛӘШІМҰЛЫН аз-кем әңгімеге тартқан едік.
Тұлға • 23 Қаңтар, 2024
КСРО халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджанов – шығармаларынан ұлттық музыканың исі аңқып тұратын дарындардың бірі. Туындыларының әуені бай, ұлттық нақышы басым, бояуы қанық. Сондықтан оның ән-романстары, хорлары мен симфониялық шығармалары халықтың құлағына жағымды, жүрегіне жылы тиеді.
Тұлға • 23 Қаңтар, 2024
Фариза-жүрек тоқтады... Содан бері он жыл өтті. Сағым уақыт одан да әрі жылжи берері анық. Әділетті қоғамға Фариза Оңғарсынова керек еді! Бірақ көңілге бір медет: семсер жырлары, өткір ойлары қалды. Қасиетті қара жерге серік етіп жыр-планетасын қалдырып кетті. Ол – елдің бағы! Азаматтықты, ар-ұятты, әділдікті, аласармауды қазақ баласына мұра еткен Фариза ақынды біз сағынамыз!
Руханият • 23 Қаңтар, 2024
Шығыс поэзиясының танымдық тамырына үңілсек, Жаратушымен болмыс бірлігіне ұмтылған лирикалық «менді» байқаймыз. От пен көбелек, гүл мен бұлбұл секілді канондық образдар ақын жанының абсолютті ақиқатқа талпынысын бейнелейді. Осы жолда күллі руханият сатыларын бағындырған кісі «кәмали инсан» немесе «толық адам» деп аталады. Дәл осы сатыда ол үшін пенделіктің пердесі аяқталып, адам – Құдай арасындағы шекара жойылады да, екі болмыс бір бүтінге айналады. Абайдың «әрбір хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма» деген концептуалды идеясы да осы ойды қуаттайды. Нәтижесінде ақиқатпен тұтасқан кемел рух енді тәңірлік диапазоннан үн қата бастайды. Қысқаша айтсақ, Құдайдың атынан сөйлейді. Енді аталған доктринаның ақын шығармашылығынан қалай көрініс табатынына тоқталайық. Заманында «Мен – Хақпын» деген әйгілі ұстанымы үшін опат болған мистик шайыр Мансұр Халлаж бен «Өзіме өзім табынам» деп жырлаған Мағжан Жұмабаев арасындағы рухани үндестік таңғалдырмай қоймайды.