Мирас • 23 Қаңтар, 2024
Біздің қоғамға креативті экономиканың затынан гөрі аты жақсы таныс. Мемлекет те салаға ел индустриясын өрге бастайтын ерекше бағыт ретінде қарайды. Содан болар, 2024 жыл шығармашылық сала өкілдерін қанаттандыратын жағымды жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет арнайы қаулы шығарып, креативті индустрия субъектілеріне салықты жеңілдету талабы қабылданды. Сәйкесінше, 40 қызмет түрі КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылды. Бұл өз кезегінде дарынымен дараланатын азаматтардың әл-ауқатына, өндіріп жұмыс істеуіне екпін берді. Осыған орай ұлттық ойындардың нарықтағы әлеуетін жаңғыртып жүрген Айнұр ПОЛАТОВАМЕН жолығып, былтыр көпті таңғалдырған «Talapai» жобасы туралы егжей-тегжей сұраған едік.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Мұқан Ағзамовтың шәкірттері Үнді елінің Хайдарабад қаласында стритлифтингтен өткен Әлем чемпионатынан жеті алтын, екі күміс, бір қола медаль алып, командалық есепте үшінші орынға ие болды.
Президент • 23 Қаңтар, 2024
Заң мен тәртіп – әділеттіліктің басты шарты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты.
Жоба • 23 Қаңтар, 2024
«Vet Monitoring» модулінің цифрлық үдерістері
Павлодар қаласында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге мал шаруашылығы өнімдерін цифрлық қадағалау бойынша қанатқақты жоба таныстырылды.
Пікір • 23 Қаңтар, 2024
Заң мен тәртіп – басты қағидат
Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген бағдарламалық сұхбатында 2024 жыл еліміздің бесжылдық дамуына негіз қалайтын, жаңа экономикалық үлгіге көшетін айрықша маңызды кезеңнің басы болатынын атап көрсетті. Еліміздегі реформалар жүйелі әрі нақты сипатқа ие болатынын да ескертті. Себебі қоғамның да, ұлттың да саяси сана-сезімі түбегейлі өзгерді.