Оқиға • 15 Қаңтар, 2024
«Есіл байлық қор болды ғой...»
Кейінгі он шақты жылдың бедерінде шығармашылыққа мықтап ден қойған Хайролла Исмағұлов ағамыз қолы қалт еткенде «Орал өңірі» газетінің редакциясына жиі келеді. Осы кезге дейін Хайрекең проза мен поэзиядан тұратын үш кітаптың авторы атанып үлгерген. Бұрын ауыл шаруашылығы, кооперация салаларында қызмет атқарған Хайрекең сол төңіректен әңгіме қозғасаңыз таңды-таңға ұрып әңгімелеуге бар. Бір келісінде әңгімеміз малдың терісі мен жүнінің жайына ойысқанда маған: «Келесі келгенімде мен саған «Социалистік Қазақстанда» (қазіргі «Egemen Qazaqstаn») шыққан осы мәселе жөнінде жазылған мақаланы алып келейін», деді.
Шаруашылық • 15 Қаңтар, 2024
Беғазыдағы берекелі шаруашылық
Атадан қалған шаруашылықты шашау шығармай, әрі қарай дөңгелетіп отырған Азамат Ғазизұлы өрісін төрт түлікке толтырған. «Жанқұтты» атты шаруашылығында отар қойы, табын сиыры мен үйір-үйір жылқысы бар. Азаматтың мектеп жасынан атқа қонғанының арқасы атадан қалған мал дәулет болып отыр.
Еңбек • 15 Қаңтар, 2024
Күнделікті тұтынатын тамақтардың қатарында нанның рөлі жоғары. Нансыз қазаққа ас батпайды. Сондықтан оны кәсіп ретінде пайдаланған кез келген адамның өндірісінің ілгерілемеуі мүмкін емес. Бұл ретте жетісулық кәсіпкерлердің қарекетіне көңіл сүйінеді. Шағын наубайханасымен бүтін ауылды нанмен қамтамасыз етіп, мемлекеттің жәрдемінсіз-ақ табысқа кенеліп отырғандар бар. Ал кейбірі ауданнан ары асып, көрші мемлекеттің де сұранысына ие болған.
Депозит • 15 Қаңтар, 2024
Ұлттық қор: Әр балаға – 300 доллардан
Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ұлттық қордың түсімдері және оны пайдалану туралы есепті жариялады. 2023 жылы қорға 6,41 трлн теңге түскен, оның 4,56 триллионы – мұнай секторынан тікелей түскен табыс. 1,82 трлн теңге – инвестициялық кіріс. 4,07 трлн теңге трансферт есебінде пайдаланылған.
Пікір • 15 Қаңтар, 2024
Астана қаласында жастарға арналған «Астана жастар театры» және «Музыкалық жас көрермен театры» бар. Бұдан бөлек, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» дарынды жас буын үшін жұмыс істеп келеді. Мұны үміт тұтқан жастарымызға арналған үлкен қамқорлық, игілікті іс деп бағалауымыз керек.