Ауыл • 15 Қаңтар, 2024
Жетісу жұрты көптен күткен Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы және Сырымбет елді мекендерінде ауылдық әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Осындай игілікке тарихи том-том кітапқа жүк болар Қапал ауылдық округі де қол жеткізді. Ал Талдықорған қаласында облыс әкімдігі жанынан құрылған Азаматтарды қабылдау орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.
Тұлға • 15 Қаңтар, 2024
Алты алаштың тарихында есімі алтын әріптермен жазылған біртуар тұлғалар аз болмағаны белгілі. Ал ардақты азаматтардың атын дәріптеп, өскелең ұрпаққа үлгі ретінде көрсете білу қазіргі жастардың негізгі міндеттері мен парызына айналуға тиіс. Сондай шоқтығы биік, өр мінезді, елі мен жері үшін аянбай еңбек еткен тұлғаның бірі – қоғам қайраткері, ғалым Мырзагелді Кемел.
Пікір • 15 Қаңтар, 2024
Конституциялық соттың судьясы Роман Подопригора Telegram арнасында жүргізуші куәлігі бар адамға және жүргізуші куәлігі жоқ адамға мас күйде көлік басқарғаны үшін көзделген жауапкершілікке қатысты жазба жариялады.
Құқық • 15 Қаңтар, 2024
Шымкент қаласында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде арнайы акция ұйымдастырылып, бұл іс-шара 16 күнге жалғасты. Мегаполисте есірткімен күреске де ерекше назар қойылып отыр. Осы атқарылған шаруалардың нәтижелеріне кеңінен тоқталған қалалық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Думан Таев елімізде отбасылық зорлық-зомбылық, балаларға қатысты қылмыстарға жазаның күшейтілгенін тағы бір еске салып өтті.
Театр • 15 Қаңтар, 2024
Ғалым Ахмедьяров: Мақсатымыз – ұлттық классиканы дәріптеу
Театр әлемі қыз-қыз қайнап жатпаса, оның несі өнер? Әр күн сайын ізденіске із салған ұжымдардың аяқ алысын бақылау да өз алдына қызық. Осы орайда еліміздегі жетекші өнер ордаларының бірі «Астана опера» театрына хабарласқан едік. Театр директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров ұжымның жаңа жылға арналған жоспары, «Астана операның» мәдени орта қалыптастырудағы рөлі мен келешектегі қойылымдары, алдағы гастрольдік сапарлары және тағы да басқа жаңалықтары туралы айтып берді.