Тарих • 14 Желтоқсан, 2023
Кенесарының күрескерлік қасиеті
Абылай хан мен Анна Иоанновна арасында «Орысия қазақ хандығы шекарасынан аттап енбейді, қазақтан солдат алмайды» деген келісім бар еді. Қазақ жұрты тек салық төлеу жөнінде міндеттенген. Уәли ханның тұсында осы келісім қасақана бұзылып, ақ патша әскері қазақ даласына дендей еніп, бекіністер сала бастады. Бір кездегі емін-еркін жайлаған өзен-көлдер мен жайылымдарға енді казак-орыстар ұлықсатсыз аттап бастырмады. Тіпті қазақтар тұз алып жүрген қайраңдарға да бара алмай қалды. Осыған шамданған Қасым сұлтан бауыры Уәли ханға арыз айта келді. «Әкеміз Абылай ұшы-қиыры жоқ ұлан-байтақ даланы жайлаған қазағымның басын қосып, іргелі ел етіп еді. Ел – жермен ел, жерден айырылу – елдіктен айырылу» деген уәжіне ағасының дәрменсіздігін көрді.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев туризм мен спортты дамыту саласында қабылданған іс-шаралар, сондай-ақ 2024 жылға арналған негізгі міндеттер туралы айтты.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2023
Кеше Мәжіліс отырысында жеті заң жобасы қаралды. Күн тәртібі бойынша маңызды құжаттарға енгізілетін толықтыруларды талқылаған депутаттар екі құжатты қабылдап, бесеуін комитеттің жұмыс тобына алды.
Медицина • 14 Желтоқсан, 2023
Ауыл медицинасының ахуалы қандай?
Түркістан облысында медициналық орталықтардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналған. Кейбір ауылдарда денсаулық нысаны жоқ. Өзекті мәселені шешу мақсатында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы 49 медициналық пункттің құрылысы басталады. Осы орайда биыл 122 жаңа нысан салу бойынша жауапты министрлікке ұсыныс хат жолданып, 49 медпункттің құрылысын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылмақ.
Мәселе • 14 Желтоқсан, 2023
Ауыз су мәселесі шешімін табады
Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр.