Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Шығыс Қазақстанда «Жол жылы» аясында, яғни 2024 жылы 600 шақырым жол жөнделеді. Аймақта алдымен транзиттік бағыттарға, шекара маңындағы аудандар мен туристер қатынайтын жолдарға баса назар аударылмақ.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Коммуналдық сала өкілдерінің сыналар шағы басталды. Атырауда ауа температурасы күрт төмендеп еді, сумен қамту мәселесінен ши шыға жаздады. Дәлірек айтқанда, тұрғындар бір тәулікке жуық сусыз отырды.
Білім • 13 Желтоқсан, 2023
Жуырда Facebook әлеуметтік желісіне бір қолданушы екі сурет салыпты. Бірінде жаппай кітап оқып отырған Еуропаның жастары, екіншісінде аузы ашылып, көзі жұмылып діни уағыз тыңдап отырған біздің бозымдар. Пікір қалдырған жанның бәрі жастарымыздың ертеңі не болады, қайда барамыз деген сұрақтарды жаудырыпты. Расында, адам шошынатын жағдай. Негізінен ұл-қыздарымыз болашағын ғылым-білімге бұруы керек еді ғой. Ілімнің пайдасын, оны игерудің қажеттілігін діннің өзі құптайды емес пе? Ендеше, неге олай болмай тұр?
Ғылым • 13 Желтоқсан, 2023
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде сутегі газын алудың экологиялық тәсілдерін анықтау бойынша іргелі зерттеулер жүргізіліп жатыр. Зерттеулерге қарағанда, сутегі газын өндіру атмосфераға көп мөлшерде зиянды заттар шығарады. Ал жергілікті ғалымдар жасап шыққан материалдар әртүрлі улы заттардың фотокаталитикалық ыдырауын жүзеге асырады және еліміздегі зауыттар мен фабрикалар шығаратын ағынды суларды тазартады.
Шымкент • 13 Желтоқсан, 2023
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Шымкент қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен мегаполисте «QazScience: жас ғалымдар слеті» өтті. Іс-шараның барысында оңтүстік өңірде академияның филиалын ашу жөнінде маңызды шешім қабылданды. Жас ғалымдар жиынында «Ғылым мен бизнестің интеграциясы: өңірлік индустриялардың өсу жолы», «Технологиядағы инновация: жас ғалымдар үшін перспективалар мен міндеттер» және «Ғылыми революция майданындағы жас ғалымдар: ашылулар, қиындықтар, перспективалар» тақырыптары бойынша талқылаулар болды.