Елорда • 01 Желтоқсан, 2023
Астана – іскерлік туризмнің бастауы
Бізге білінбес, бірақ жыл сайын курортты елдердің ірі компаниялары өзара бақталасып, туристерді тарту үшін түрлі қадамға барады. Қомақты қаржы қарастырып, жарнамаға жанын салады. Қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан еліміздің табиғаты жағажай туризмін жандандыруға қолайсыз. Қаймығатын дәнеңе жоқ, білгенге туризмнің сан тараулы тармағы бар. Мысалы, шетелдік қонақтар Астанаға іскерлік туризммен келіп, сәті түсіп жатса, іргелес аудандарды аралап, өлкенің бай тарихымен танысуға тырысады.
Қоғам • 30 Қараша, 2023
Мемлекеттік тілдегі контент көбейеді
Орталық коммуникациялар қызметінде «Масс-медиа туралы» заң жобасын түсіндіруге қатысты баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, вице-министр Қанат Ысқақов, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов құжатты жан-жақты түсіндірді.
Қоғам • 30 Қараша, 2023
Елордада «Amanat» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVI «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Аймақтар • 30 Қараша, 2023
Бәсекелестікке бейімделіп келеді
Әрбір ауылдың тұрғындарына хат-хабар, газет-журналдарды кешіктірмей жеткізіп келген «Қазпошта» жұмысына бүгінде айтылар сын аз емес. Сол сыннан қорытынды шығару мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық және көпшілік пошташылардың бәсекеге қабілетті мекеме ретінде сапалы қызмет көрсетуінен үмітті.
Қоғам • 30 Қараша, 2023
Аудармашының ғұмырнамалық жинағы
Ұлттық академиялық кітапханада «Қытайша-қазақша үлкен сөздікті» құрастырушы, ғалым, тіл маманы, аудармашы Найманғазы Сапанұлының «Ауылдан алыс сол жолдар» атты ғұмырнамалық эссе кітабының тұсаукесері өтті.