Әлем • 04 Желтоқсан, 2023
Жаһандық жылынудың рекордтық деңгейі
Дубайда климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылға арналған кезекті саммит басталды. Екі аптаға жуық уақытқа созылатын іргелі жиында көптеген мәселе талқыланбақ. Биыл шартараптың түкпір-түкпірінен келген ел басшылары 28-мәрте бас қосып отыр.
Экспорт • 04 Желтоқсан, 2023
Экспорттық әлеуетті арттыратын бағдарлама
Еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында IT-аутсорсинг компанияларды қолдауға арналған «Global Outsourcer» бағдарламасының бірінші легі табысты өтті. Акселерациядан өткен 15 команда жалпы құны 158 мың долларды құрайтын 73 келісімшартқа қол жеткізді. Қатысушылардың сату географиясы АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Түркия, Аустралия сияқты әлемнің 27 елін қамтиды.
Технология • 04 Желтоқсан, 2023
Цифрлық әлемде желідегі қауіпсіздік бірінші орында тұрады. Киберқауіпсіздік дегеніміз – компьютерлік жүйелерді, деректерді, бағдарламалық жасақтарды және адамдарды киберқауіптер мен киберқылмыстардан қорғауға бағытталған технологиялар, үдерістер мен тәжірибелердің жиынтығы.
Басылым • 03 Желтоқсан, 2023
Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты жаңа кітабы жарық көрді. Мемуар авторы өмір жолымен қатар, отыз жыл ішінде болған маңызды саяси оқиғалар, экономикалық реформалар, күрделі халықаралық келіссөздер, қабылданған стратегиялық шешімдер туралы әңгімелейді. Тәуелсіздіктің елең-алаң кезіндегі бастамаларға тоқтала келе, қаңтар оқиғасына қатысты ой-пайымдауларын да білдірген.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
Жердің көркі атанған Меркі ауданында еңбекпен есейген азамат аз емес. Туған жерге туын тіккен іскер азаматтар бүгінде ауылдың өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Олар алтын бесік ауылда толайым табыстарға жетіп, жергілікті жұртқа да мүмкіндігінше қолұшын беріп жүр.