Қаржы • 29 Қараша, 2023
KASE: 30 жылдың жетістік тарихы
Теңгенің мерейтойынан екі күн өткен соң Қазақстан қор биржасы (KASE) да өзінің отыз жылдығын атап өтті. Бұл – тіпті де рәмізді емес, заңды сәйкестік. Себебі KASE биржасының іске кірісуімен ұлттық валютамыз толыққанды төлем құралына айналып, еліміздің қаржылық және экономикалық егемендігін қамтамасыз етті. Қазіргі таңда KASE посткеңестік кеңістіктегі биржалар арасында бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша 2-орынды, ал FEAS – Еуро-азия қор биржалары федерациясының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша 4-орынды еншілеп отыр. KASE басқарма төрағасы Алина Алдамбергенмен Биржаның өткен жолы жайында ғана емес, оның егемен Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудағы рөлі туралы да әңгіме қозғауды жөн көрдік.
Тарих • 29 Қараша, 2023
Араб-парсы деректеріндегі қазақ тарихы
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында қазақ тарихына қатысты Иран Ислам Республикасынан әкелінген маңызды құжаттар таныстырылымы ұйымдастырылып, аталған іс-шара аясында «Қазақ тарихы парсы және араб деректері негізінде» атты ғылыми-танымдық жиын өтті.
Балалар • 29 Қараша, 2023
Мейірімге қанбаған жәутеңкөздер: Асырап алынған балалардың 6%-ы кері қайтарылады
Тағдырлы қателіктерден, жазмыштан, айтпай келген ажалдан ата-анасынан айырылып, жетімдер үйінен табылған балалардың мәселесіне мемлекет қолдау көрсетіп келеді. Оған қоса мына қоғамға аманат сынды сәбилердің жәутеңдеген көзіндегі мұңды сейілтуге септігін тигізгісі келетін түрлі ұйымдар да жұмыс істейді.
Жұмыс • 29 Қараша, 2023
Жұмыспен қамтудың тың ізденістері
Әулиеатада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсету жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр. Біршама уақыт бұрын облыс орталығында 150 орындық оңалту орталығы ашылды. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бұл бағыттағы жұмыстың үздіксіз жалғасатынын айтып жүр.
Технология • 29 Қараша, 2023
Отандық технология – үздік ондықта
Отандық TrustMe стартапы Кремний алқабындағы Astana Hub-тың Hero Training бағдарламасы аясында өткен Demo Day нәтижесі бойынша үздік технологиялық компаниялардың ондығына енді. Венчурлық каиталист Тим Дрейпер жобаға инвестиция салуға қызығушылық танытты.