Құқық • 27 Қараша, 2023
Интернет алаяқтардан қорғанудың 5 тәсілі – маман кеңесі
Интернеттің және онлайн сауда-саттықтың дамуымен виртуалды әлемде отырып-ақ алаяқтық жасайтын қылмыскерлер көбейіп кетті. Оларға алданбау үшін не істеу керек, қандай сақтық шараларын қабылдаған жөн? Бұл сұраққа ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасының оқытушысы, полиция полковнигі Болат Байсейітов жауап береді.
Сұхбат • 27 Қараша, 2023
Ажар Мұхамедиева, тарихшы-ғалымның зайыбы: Тарихи әділеттілік жолында еңбектенді
Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін ашуға қатысты қыруар еңбек жазды. Ел тарихын кезеңдеудің теориялық-методологиялық мәселелеріне қатысты зерттеулер жүргізді. Ғалым отандық тарихшылардың алғашқылары қатарында сталиндік тоталитарлық жүйенің тарихи салдарын зерттеді. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары байлардың малын тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясатының зардаптарын ашып көрсетіп, жаңа тарихи көзқарас қалыптастырды. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сабақ бере жүріп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында ұлт-азаттық сипаттағы көтерілістер мен қозғалыстардың нақты санын тұрақтандыруға атсалысты. Ғалымның зайыбы Ажар апаймен болған әңгімеде Талас Омарбекұлының еліміздегі, шетелдердегі архивтерден жинаған деректерді зерттеу мен жарыққа шығарудағы елеулі еңбегі туралы айтылды.
Өнер • 27 Қараша, 2023
Өнерді қадірлейтін өрелі жора қайда?
Өнердің құнын білу қоғамның өзіне байланысты. «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз», деп Абай ана заманда күйінген, сол әлі келе жатыр. Бұл – ащы да болса шындық.
Мәдениет • 27 Қараша, 2023
Ұлттық және классикалық әуенді бір толқында тыңдап көріп пе едіңіз? Әрине, алғашында халыққа тосын боп көрінгенімен, Алматы жұрты жаңаша стильді сүйсіне қабыл алды. Жақында ғана Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Bridge of times» атты концерт өтті. Бұл кеш Turan этно-фольклорлық ансамблінің 15 жылдығы қарсаңында өнерсүйер қауымға арналған бірегей жоба сыңайлы.
Руханият • 27 Қараша, 2023
Ел абыройын асқақтатып жүрген тарихшылар арасында есімі алыс-жақын шетел жұртына жақсы таныс санаулы ғалым бар. Солардың бірі – ҰҒА академигі, Ұлттық музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов.