Қоғам • 28 Қараша, 2023
Кәсіпкерліктің өндіріске әсері
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Сәтбаев қаласы халқымен кездесті. Бірнеше облыстық басқарма басшылары баяндама жасап, өз салалары бойынша қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер туралы айтты. Қала әкімі Шапағат Әубәкірдің баяндамасында негізінен қаланың алдағы даму жоспары сөз болды.
Энергетика • 28 Қараша, 2023
Атом электр стансасы: Жауапты таңдау
Алматыда өткен АЭС жобасына қатысты кезекті талқылауда энергетика мәселесін шешу жолдары туралы жан-жақты сөз қозғалып, көптеген өткір тұстар ашылды. Қазақстан әлеуетті технология жеткізушілері ретінде төрт компанияны қарастырып жатыр: CNNC (ҚХР, HPR-1000 реакторы), Росатом (РФ, VVER-1200, VVER-1000 реакторлары), KHNP (Оңтүстік Корея, APR-1400 реакторы), EDF (Франция, EPR1200 реакторы). Пікірталас осы таңдау төңірегінде өрбіді.
Экономика • 28 Қараша, 2023
Ертіс өңірінің экономикасы өркендей бермек
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Президент Жолдауын іске асыру аясындағы өңірдің басты жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Сөйтіп, БАҚ өкілдерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2023
Маңғыстау тың жобаларды жүзеге асырады
Мұнайлы өлке Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытудан бастап еліміздің экономикалық жағдайын жақсартуда айрықша маңызға ие «Ақтау» және «Құрық» порттары әлеуетін көтеруге дейінгі аралықта біраз мәселе шешімін тауып жатыр. Әрине, кезегін күтіп, қордаланып тұрған түйткілдер де жоқ емес. Бірақ жалпы көрсеткіш ахуалдың оң райға ие екенін меңзейді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы брифингте мәлімдеді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2023
Өткені мен бүгіні үйлескен мекендер
Тайынша мен Айыртау аудандары Солтүстік Қазақстан облысы аумағына 1997 жылы таратылған Көкшетау облысынан енген. Соның ішінде Тайынша ауданы Келлер, Красноармейск, Чкалов аудандары бірігуінен қайта құрылды. Ал аудан орталығы Красноармейск қаласына бұрынғы Тайынша атауы қайтарылды. Ауданның жер көлемі шағын болғанымен, аумағында теміржол бекеті және жоғары дамыған шаруашылықтары болғандықтан, экономикасы жақсы дамыған. Тайынша қаласының өзі – облыс орталығынан 150 шақырым қашықтықта.