Қоғам • 22 Қараша, 2023
Ұлттық санақ: Сыры терең цифрлар
Биылғы 14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетіп, бөркімізді аспанға ата қуанып жатқан жайымыз бар. Себебі республика тұрғындарының саны 1989 жылғы халық санағы бойынша 16,4 млн-нан асқанымен, 1999 жылғы халық санағы бойынша 14,9 млн адамға дейін азайып кеткен болатын.
Сұхбат • 22 Қараша, 2023
Адами капитал – Әділетті Қазақстанның ұстыны
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы жарияланып, жүзеге аса бастағалы бір жыл уақыт өтті. Еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі негізгі даму бағыттарын айқындап көрсеткен құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға да айрықша көңіл бөлген. Осыған орай біз Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовті сөзге тартып, сайлауалды бағдарламада адами капитал сапасына тікелей қатысы бар білім беру және денсаулық сақтау салаларына тиесілі міндеттер қаншалықты жүзеге асып жатқанын сұрап білдік.
Сараптама • 22 Қараша, 2023
«Жаһандық инновациялық индекс-2023» зерттеуінде мемлекеттердің экономикалық және геосаяси жағдай шарттарындағы инновациялық қызметті дамыту көрсеткіштеріне талдау жүргізілген. Әлемдік тенденцияларды сараптаған индексті жасаушы авторлар цифрлық дәуірде «терең ғылымға» негізделген инновациялық дамудың арқасында көп мүмкіндікке қол жеткізуге болатынына тоқталады.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округіне қарайтын Қамыстыкөл ауылында екі әулеттің ұрпағы іргелес көрші болғанына 45 жыл толғанын атап өтті. Әрине, мұндай атаулы күнді зәулім тойхана, сәні мен салтанаты келіскен мейрамханада атап өтуге болар еді, әйткенмен жарасымы мол көршілер қара шаңырақта өткізуді жөн көріпті.
Отбасы • 21 Қараша, 2023
Сырттай тым жұпыны көрінетін сегіз үйлі Сәт ауылының адамдары жаздай бие байлап, сиыр сауып, төрт түліктен түскен табиғи таза өнімді табыс көзіне айналдырып отыр. Амангелдіден Қостанай, Арқалық, Астанаға қарай шығатын күре жолдың бойында жатқандықтан, әрі-бері ағылған автокөліктің көбі жолшыбай осы ауылға соғып, бал қымызын, жұмсақ құрт, сары май, қою қаймағы мен тәтті ірімшігін ала кетеді.