Спорт • 21 Қараша, 2023
Өткен аптаның соңында елімізге Ресей батыры, Мемлекеттік думаның депутаты, атағы жер жарған жампоз, әйгілі спортшы Александр Карелин келді. Астанада ол Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) штаб-пәтеріне бас сұқты. Сол жеде балғын балуандармен кездесіп, оларға өзінің ақыл-кеңесін берді.
Футбол • 21 Қараша, 2023
EURO -2024: Алаш жұрты аңсаған дода
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Аталған матчқа жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Бағдат Қайыров, Бахтиер Зайнутдинов қатысқан жоқ.
Байқау • 21 Қараша, 2023
Орал қаласында «Бата дарып, бақ қонсын!» атты батагөйлер байқауы өтті.
Денсаулық • 21 Қараша, 2023
Таңсәуле Серіков: Балаларды обырдан сақтауға ерекше көңіл бөлу керек
Қазір әлемде обыр дертінен опық жеп жатқандардың қатары азаймай тұр. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз орта құру – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Аталған жұмыстарды жетілдіре түсуге атсалысып жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл ХДПП» фракциясының мүшесі Таңсәуле Серіковке бірнеше сауал қойып көрген едік.
Экономика • 21 Қараша, 2023
«Qyzyljar» АЭА: Тынысы мен тірлігі
2019 жылдың қазанында Премьер-министрдің Қаулысымен Петропавл қаласының аумағында «Qyzyljar» атты Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ (АЭА) құрылды. Арнайы аймақ 2044 жылға дейінгі кезеңде әрекет ететін болады. Бұл – еліміздің аумағында құрылған 13-арнайы аймақ, бөлінген жер көлемі – 212,3 гектар. Оның мақсаты – инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар жасай отырып, тауар өндірушілерді Петропавл қаласы мен солтүстік өңірдің экономикалық дамуына тарту. Негізінен, жеңілдіктер мен преференциялардың өзі де инвесторлар үшін өте тартымды. Атап айтқанда қазіргі заманға лайық тауар өндіріп, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлер корпоративті табыс, жер, мүлік салықтарынан мүлде босатылады. Импорттық ҚҚС-да төлемейді. АЭА аумағына жеткізілетін шикізат пен құрал-жабдықтар кеден салығынан босатылады. Жерді пайдаланғаны үшін ешқандай жалдау құнын төлемейді. Осының үстіне дайын инфрақұрылымдарды да қолданады. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін жалдауға жеңілдетілген тәртіп жасалған.