Руханият • 20 Қараша, 2023
Қызылордада «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған конференцияға қайраткердің өмір жолы мен қызметін зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Зерде • 20 Қараша, 2023
Атырауда дауылпаз ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай іс-шаралар легі өтіп жатыр. Соның бірі – «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция.
Кәсіпқой бокс • 20 Қараша, 2023
Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте бірқатар мемлекет өкілдерінің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Аталған жарысты тамашалау үшін көптеген атақты спортшылар келді. Солардың қатарында кезінде аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған даңқты Майк Тайсон мен Эвандер Холифилд те болды.
Тағзым • 20 Қараша, 2023
Қазақтың ардақ тұтқан арысы еді
Кеше Ресейдің Кемер өңірінен жеткен суық хабар иісі қазақтың қабырғасын қайыстырғаны кәміл. Тарихи Отанынан жырақта жүрсе де, ұлтының атын шығарып, халқымыздың ыстық ықыласына ие болған арыс азамат Амангелді Молдағазыұлы Төлеев келместің кемесіне мінгеніне көңіл сенер емес.
Көрме • 20 Қараша, 2023
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының «Сырдың сырлы әлемі» атты жылжымалы көрмесі Батыс Қазақстан облысына келді.