Әскер • 20 Қараша, 2023
Ұлттық ұланда бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 5518 әскери бөлімінде өткен шараға елуден астам жұмыс іздеуші қатысты. Оларға өңірлік қолбасшылықтың басқарма мамандары әскери қызметке тұру барысынан бастап, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайынан хабардар етті.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Отбасы банк жаңа тарифтік бағдарламаны іске қосты
Отбасы банк депозит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,1%-ға дейін болатын жаңа тарифтік «Табысты» бағдарламасын іске қосты. Бұл Отбасы банкінде жұмыс істеп тұрған «Баспана» депозитіне балама болады.
Медицина • 20 Қараша, 2023
Ультрадыбыстық диагностиканы оқытатын орталық
Астана медицина университетінде елдегі алғашқы GE HealthCare Academy оқу орталығы ашылды. Мүмкіндігі мол орталық дәрігерлердің білім-білігін арттыруға, соның есесіне қызмет көрсету сапасын арттыруға септеседі.
Ғылым • 20 Қараша, 2023
Отандық ғалым балалардағы ауыр генетикалық аурудың себебін анықтады
Халықаралық ғалымдар тобы ACBD6 геніндегі ауытқулар мен балалардағы ми қызметіне қатты әсер ететін бұрыннан белгісіз моногендік аурудың дамуы арасындағы байланысты анықтаған болатын. Көпжылдық зерттеу неврологиялық аурулар саласындағы маңызды ғылыми жаңалық ашты.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Ұлтты сыйлау, ұлт тілін құрметтеу – қасиеттің ең қасиеттісі. Қасиетсіздік не? «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық» (Б.Момышұлы), «Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» (Ғ.Мүсірепов).