Саясат • 20 Қараша, 2023
Экономиканың тұрақты дамуына апарар жол
Астанада Жаһандық инвестициялар жөнінде дөңгелек үстел (Kazakhstan Global Investment Roundtable) өтті. Еліміздегі инвестициялық жобалар жайы қаузалған басқосуға өнеркәсіп басшылары, инвесторлар, қаржы секторының өкілдері, саясаткерлер мен белді сарапшылар шақырылды. Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Канада, Қатар, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Чехия және басқа да бірқатар елден қонақтар келді. Басқосуда әр саланың жетекшілері еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін, логистикалық қызметтердің жаңа спектрін, заманауи тұрақты өндірісті, экспорттық әлеуетті кеңейту жайын, озық технологияларға инвестиция тартуға қатысты мәселелерді талқылады. VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелге Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов та қатысты.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Құмар ойыннан қалай құтыламыз?
Алматыда құмар ойындардың құрбаны болғандар көбейген. Олардың дені – оң-солын танымаған өрімдей жастар. Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері жыл басынан бері үш ойын залы мен бір букмекерлік кеңсенің және төрт бірдей жасырын казиноның қызметін тоқтатқан. Сонымен бірге 94 компьютерлік техника заңсыз айналымнан алынып, сот үкімімен 500-ден астам ойын терминалы жойылған.
Ауыл • 19 Қараша, 2023
Өткелдің арғы беті, бергі беті
Тасқала – аудан орталығы. Аудан орталығы болғандықтан, тұрғындардың көп тоғысқан жері.
Мәдениет • 19 Қараша, 2023
«Мың бала» жобасының қорытындысы
Елордада «Мың бала» үздіктері марапатталды. Өзге этнос өкілдері жеткіншектерінің арасында ұйымдастырылған республикалық мәдени-ағарту жобасында өңірлерден 35 жеңімпаз анықталды. Ізгі бастамаға Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған.
Әлем • 19 Қараша, 2023
Испаниядағы бірнеше айға созылған саяси дағдарысқа нүкте қойылды. Өткен бейсенбіде Испания парламенті Педро Санчесті тағы бір мерзімге премьер-министр етіп тағайындауға келісім берді.