Руханият • 19 Қараша, 2023
«Авгийдің ат қорасына» қайта оралсақ...
Құрамындағы үш сөз үш жаққа тартқан «Әдеби тілдің нормасы» деген тіркес бар. Кеңес заманында шығармашылық адамының еркіндігін шектеуде жүйенің ойлап таппағаны қалмапты. Өз қолымызбен көсеу көсетіп қойып, қызықтап қарап отырыпты. Дүрмекке ілесіп, «әдеби тілдің нормасының» сойылын біз де соққан екенбіз. Енді бүгін әлеуметтік желіге бірдеңе жаза қояйық десек, бір жерден қатеміз шығып қалатындай қорқасоқтаймыз.
Таным • 19 Қараша, 2023
Бұлдырық көзден бұлбұл ұшып барады
Тілтану ғалымдарының зерттеуінше, жапон лексикологиясының түп-төркіні күріш дәнінде деседі. Ал қазақ халқының сөздік қоры жылқы мен құсқа байланысты екен. Мысалы, «қасқалдақтың қанындай», «құрқылтайдың ұясындай», «ұлардай/ұзақтай шулау», «тұрымтай тұсында», «қызғыштай қорғау», «бұлдырықтай зымырау» деген секілді теңеулер мен тұрақты тіркестерді қолданғанымызбен, оның қандай құстар екенін біле бермейміз. Бұл ретте айтқымыз келгені – бүгінде көзден бұлбұл ұшып бара жатқан бұлдырық құс жөнінде болып отыр.
Руханият • 19 Қараша, 2023
Поэзия • 17 Қараша, 2023
Қарағанды қарашығындағы қараша
Қарағандыда қала әкімдігінің қолдауымен тағы да поэтикалық кеш өтті. Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек. Несімен десеңіз, баяғы қалыпты бұзып, жаңаша серпіліс сыйлағанымен. Өлең оқылғанымен қоса, ақындардың жартысы ән шырқады. Бір сағатқа жуық уақыт Қарағандыдағы әдеби ортаның қалыптасу кезеңін көрерменнің көз алдына әкелді.
Сұхбат • 17 Қараша, 2023
Аманжол Қалыш: Бүгінгідей өсу қарқыны сақталса игі
Кеше Алаш жұрты бөркін аспанға атып қуанған күн болды. Қазақ елі тұрғындарының саны 20 миллионнан асты. Біз осы тарихи сәтке орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, этнограф ғалым Аманжол Қалышқа бірнеше сұрағымызды қойған едік.