Өнер • 15 Қараша, 2023
Өзің түсінбейтін тақырыпта әңгіме қозғаған өте қиын. Бірақ біз қазақпыз ғой, тіршіліктің барлық бағыт-бағдарында бармыз. Сіз күлуіңіз мүмкін, дегенмен дүниенің дүрсілі тікелей біздің жүрегімізден өтетіндіктен, әрбір сәттің сәулесіне жылынуға аңсармыз. Сол аңсарды бүгін фотограф Жеңіс Ысқабайдың «Ана» атты шығармасынан таптық. Бұл – әшейін сәйкестік емес, бұл – өмір.
Ән • 15 Қараша, 2023
«Шынымен бұл дүние шолақ екен»
Адам жанына мейірім-шапағатын себезгілеп тұратын әдемі ән қай кезде де бойыңда ғажап бір сезімді тербеп кеткендей болады. Көңіліңді теңіздің толқынындай толқытады, шабытыңды шалқытады, сан қилы ойдың қиырына жетелей түседі. Бір анығы, сөзі мен сазы үйлескен әннен адам жаны жай табады. Өйткені сапалы музыка кісі баласына әсер етпей қоймайды.
Әдебиет • 15 Қараша, 2023
Қазақ мәдениетінің тұтас бір дәуіріне төңкеріс жасаған тұлғалар туралы сөз қозғалғанда олардың жүрегін жаулап, қиялына қанат байлаған сұлуларды да әсте естен шығаруға болмайды. Сондай сұлудың бірі – Ілия Жақановтың өмірлік музасына айналған «Меңді қыз» – Тиышкүл апай.
Тұлға • 15 Қараша, 2023
1977 жыл еді. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет етіп жүрген кезім. Редакция табалдырығын аттағаныма да 7-8 жылдың жүзі болған. Өзімізді кәнігі журналистей сезініп қалған кезіміз.
Тарих • 15 Қараша, 2023
Адам санасындағы ең жоғарғы саты – ұлттық болмыс. Ұлт болу және елдікті сақтау – ұзақ та жауапты үдеріс. Ал адамзат тарихындағы ең әділетті күрес – ұлт азаттығы үшін күрес. Азаттық пен теңдікке ұмтылу, тәуелсіз мемлекет құру – халық арманы. Бұл арман «ұлт» деген ең қасиетті, ең киелі сөздің құдіретінен туады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудың биік белесі Алаш қозғалысы десек, 40 жылдан соң сол ұлы арманды жаңғыртуға тырысқан «Жас тұлпар» ұйымы еді.