Олимпиада • 15 Қараша, 2023
Панамада World Robot Olympiad өтті. Ел тарихында тұңғыш рет отандық үш команда WRO тұғырына көтеріліп, қоржын екі күміс, төрт қоламен толықты.
Тұлға • 15 Қараша, 2023
Грек-рим күресінен әлем, Еуропа және Азия чемпионы, қос Олимпиаданың жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың Олимпиада кілеміндегі ерлігі туралы.
Бокс • 15 Қараша, 2023
Бүгін – Лондон Олимпиадасы мен Азия ойындарының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогінің иегері, әлем мен құрлықтың екі дүркін чемпионы, дүниежүзілік доданың күміс және қола жүлдегері Серік Сәпиевтің туған күні. Атақ-даңқы алысқа тараған әйгілі боксшы 16 қарашада 40 жасқа толды.
Қоғам • 15 Қараша, 2023
Композитордың фотоальбом-кітабы
Жуырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлінің фотоальбом-кітабы жарық көріп, көпшілікке таныстырылған еді. Композитордың су жаңа фотоальбом-кітабында бұрын-соңды басылым беттерінде жарияланбаған түрлі кезеңдеріндегі фотолары, халыққа кең тараған әндері ноталарымен және әнші-ақындардың суреттерімен қоса берілген. Әнсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген композитор шығармашылығы туралы белгілі қайраткерлердің жылы лебіздері де ұсынылған.
Еңбек • 15 Қараша, 2023
Еңбегімен ел құрметіне бөленген
Қызылжар өңіріндегі Барлыбаевтар отбасының өмірі мен қызметі көзіқарақты оқырманға көптен таныс. Әсіресе, кейінгі жылдары Алаш азаматтарының әскер жинауға арнаған ұлан-ғайыр шарасын қыстауында өткізіп, оқыған азаматтардың бәрін жеке өзі күткен Әлти мырзаның ел үшін жасаған игілікті ісі тарихи деңгейде бағаланып, насихатталып жүр.