Саясат • 19 Қазан, 2023
Цифрландыру жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру cыбайлас жемқорлыққа тосқауыл бола ала ма? Әр азаматтың бойында бұл дертке қарсы иммунитетті қалай қалыптастырамыз? Жемқорлыққа қарсы тұру мәдениеті дегеніміз не? Қоғамда бұл кеселмен күресуді насихаттау қай бағытта жүргізілгені дұрыс? Осы сұрақтарға әділет органдарында іске қосылған іс-шаралар жоспары көрсеткішінде жауап берсек.
Құтқарушы • 19 Қазан, 2023
Олар – аптап ыстықта, саршұнақ аязда да әрдайым сапта. От пен су, желдің өтінде, қауіп пен қатердің бел ортасында жүрсе де олар үшін адам өмірін құтқару – ең жоғары миссия. Жылдамдық, ептілік пен батылдық – құтқарушыға тән қабілет. Біздің елімізде осы бір қиын да, қызықты мамандықты өмірінің мәніне айналдырған адамдар аз емес. Олардың өмірі мен еңбегі талайға үлгі.
Үкімет • 19 Қазан, 2023
Есепсіз несие алатындар азаяды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Салық кодексіне енгізілетін түзетулер бірінші оқылымда қабылданды. Сондай-ақ Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдерге қатысты заң жобасына Сенат енгізген түзетулерге келісімін берді.
Тарих • 19 Қазан, 2023
Депутат мәртебесі қалай талқыланды?
Сарғайған газет беттеріне үңілсек, Егемендік туралы декларация қабылданар тұста Жоғарғы кеңестің жұмысы қауырт болғанын байқаймыз. Мәселен, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 20 қазандағы нөміріндегі мақалада депутаттардың мәртебесіне қатысты мәселе талқыланған.
Аймақтар • 19 Қазан, 2023
Кіші Аралдағы құтқару операциясы
Буырқанған теңізбен тайталасып жүріп 27 адам құтқарылған бұл оқиғаның болғанына да 20 жылдан асып барады екен-ау... Қазір Кіші Арал десе, көз алдымызға шалқыған шалқар мен алып бөгет келіп тұра қалатыны белгілі.