Зерде • 18 Қазан, 2023
Еліміздің қалмақтармен бірнеше ғасырға жалғасқан, бірде үзіліп, қайта өршіп отырған шайқасы 300-350 жылға созылыпты. Әбілғазы баһадүр 1603-1604 жылдары қалмақ әскері Хорезмге шабуыл жасады деп жазады. Қалмақ қолының қазақ жері шекарасынан бойлай өтіп, Орта Азия аумағына дейінгі кеңістікке сұғынып кеткенін баяндайды. Оларға қатты соққы берген Есім хан бастаған қазақ әскері 1627 жылы қалмақтарға шабуыл жасады, қалмақтар амалсыз кейін шегінеді. Бұдан кейін Жоңғар одағын құрған қалмақтармен бірнеше жойқын ұрыс, кескілескен майдан болғаны тарихтан мәлім.
Ұлттық спорт • 18 Қазан, 2023
«Әулиеата» – 13 дүркін чемпион
Ұлттық спортымыз көкпардан Таразда ұйымдастырылған ХХІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Айтулы додаға еліміздің 15 өңірінің командалары қатысып, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді.
Руханият • 18 Қазан, 2023
Көптеген отбасында жылдар бойы жинақталған фотоальбомдар, уақыт сарғайтқан жазбалар, қойындәптерлер, ашықхаттар, бәзбіреулерінде, тіпті жеке жанның қағазға түсірген сырға толы күнделіктері барына күмән келтірмеймін. Олар – әрбір шаңырақтың шежіресі, тарихы, дастан-архиві, өткен күндердің жарқын елесі, кейбір жандардың ешкімге жария етпеген құпия сыры, жүрек түбінде бұғып жатқан алтынға бергісіз қымбат, асыл дүниесі десек те болады. Кей отбасыларда атадан балаға мирас болып келе жатқан көне фотосуреттер, қолжазбалар, хаттар, кітаптар да сақталған. Соларды көз қарашығындай сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп жүрген азаматтардың ұқыптылығына, игілікті ісіне шексіз риза боласың.
Сұхбат • 18 Қазан, 2023
Күләш ШӘМШИДИНОВА: Академиялық еркіндік алдымен мұғалімге қажет
Әрбір мемлекет дамуды, өркендеуді, экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан баюды, кемелденуді көздейді. Сол бағытта барлық ресурсты пайдаланады. Бұл – дамушы елге де, дамыған мемлекетке де тән құбылыс. Көзделген мақсатқа әрқайсысы әртүрлі жолмен жетеді. Соның ішінде бәріміз байқағанымыздай жаңа технологияға, өндіріске, ғылымға айрықша көңіл бөлген елдер дамудың төте жолын тапқандай. Ғылым мен технологияның, жалпы, бар саланың бастауында білім жүйесі тұр. Ал біздегі білім жүйесі қай бағытта бет алып барады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін отандық орта білім жүйесіндегі реформаторлардың бірі, танымал білім қайраткері Күләш Шәмшидиновамен әңгімелескен едік.
Футбол • 18 Қазан, 2023
Ел спортшыларынан ең көп сыналғаны да, жанкүйерлер тарапынан ең көп мінелгені де футболшылар еді. Өзге спорт түріндегі саңлақтар сын сағаттарда сүрінсе де, дәл футболшылар сияқты «таяқтың» астына қалмаған. Футболшылар дегенде көрермендердің арқасы қозып, орайы келсе, сын садағының астына алудан аянып қалмайтын. Бәлкім, өзіміз қазақ болып тусақ та, футболшыларымыздың бразилиялықтар сияқты доп тепкенін қалап тұрғандықтан сөйткен шығармыз. Әйтеуір сондай өтпелі кезеңдерді, қиын сәттерді артқа тастап, бәріне шыдас берген аяқдопшыларымыз бүгінде ел жанкүйерлерінің сүйіктісіне, сүйкімді футболшыларына айналып отыр.