Республика күні • 18 Қазан, 2023
1990 жылдың 25 қазан күні қабылданған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» қазақ халқы үшін тарихи сәт болды. Артынша осы Декларация мен Конституцияға сәйкес елдегі өкімет билігі толығымен кеңес орындарының қолына көшірілді.
Отбасы • 18 Қазан, 2023
Шетел асқан қазақ баласы ата-анасын іздеп жүр
Кейінгі 20 жыл ішінде шетелдіктер елімізден 10 мыңға жуық бала асырап алған. Отанынан отбасын таппаған балдырғандардың жартысынан көбі АҚШ асқан көрінеді. Солардың бірі – 1999 жылы Тараз қаласында туып, 2000 жылы америкалық отбасы асырап алған Пол Сардар Бабкок есімді қандасымыз.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Бұдан біраз жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен бірге шалғайдағы Уәлиханов ауданы әкімінің аудан орталығы – Кішкенекөл ауылында өткен тұрғындар алдындағы есебін тыңдауға бардық. Аудан басшысы жасаған баяндамадан кейін сұрақ-жауап рәсімі басталған кезде бір әйел залда орнатылған микрофонға келіп, төрде отырған облыс әкіміне қарап: «Сіз осы ауылдың біз тұратын көшесіндегі үйлердің сиырларын жайылымға шығарып бағатын бақташы тауып беріңізші...», деп өтінді.
Салық • 18 Қазан, 2023
Көлік төлемінен кімдер босатылады?
Елімізде көлік салығының алынып тасталуы жайлы жиі айтыла бастады. Қазір бұл тақырып жаңа Салық кодексі аясында да талқыланып жатыр. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әміриннің айтуынша, транспортқа салынатын салықты бензин құнына қосып жіберу де қарастырылуы мүмкін.
Ғылым • 18 Қазан, 2023
Жылқыны сапаландыруға да ғылым керек
Қазақстандағы жылқы саны кейінгі жылдары еселеп өсіп, 4,2 миллионға жеткен. Алайда жылқы етін экспортқа шығаруды былай қойғанда, жергілікті ірі сауда желілеріне өткізу ауылдағы ағайын үшін үлкен мәселеге айналған. Ал ет өңдейтін кәсіпорындар мен мейрамханалар оны Ресейден тасып отыр. Елдегі жылқы өсірушілердің қазір тығырыққа тіреліп тұрған жайы бар.