Зерде • 17 Қазан, 2023
Он алты шумақ өлеңі үшін он сегіз жылын түрмеде өткерген ақын, актер Шахан Мусиннің өмір өткелі ауыр, шығармашылық жолы тауқыметті өрілді. Өнер шежіресіне, сахна әлеміне бұралаң-бұлтарысы жетерлік, қатерлі де сұсты сүрлеумен енген әйгілі жерлесіміздің туғанына биыл 110 жыл толып отыр.
Өнер • 17 Қазан, 2023
Қазір талантты жандар әлеуметтік желі арқылы тез танылатын болды. Көрерменін де сол кеңістіктен тауып жатады. Тасада жүрген шығармашыл адамдарға бұл тым жақсы амал екенін байқап отырмыз. Мәселен, ел астанасындағы Forte Kulanshi Art Space галереясында өтіп жатқан Qazaq Content атты көрме әлеуметтік желілерде ерекше қарқынмен тарап, көпшілікті таңғалдырды. Көрмеде Әсел Сабыржанқызы, Шалқар Қабдеш пен Алмас Нұрғожаевтың туындылары қойылған. Кескіндеме, графика және мүсін өнеріндегі туындылар көптің көзін жаулады. Әсіресе тарихта із қалдырған әйелдер бейнеленген иран, түрік кілемдерін көруге ағылған жұртты көрдік. Біз де бардық.
Мәдениет • 17 Қазан, 2023
«Өскен жерін қимай кетіп барады»
Тыраулап ұшқан тырналар тізбегіне ұзақ қарағанда әлдебір тылсым сезім бойыңды билеп алады. Тіршілік иесі болған соң олар да үн қатады. Не айтады екен? Құстың тілін кім білген... Тылсым үн құпиясы ашылмаған күйде қала береді. Көкжиек төсіне сызғылап сурет салған құс біткен көз ұшынан алыстай түседі. Пешенеге жазылған тағдыр парақтарының бірінен соң бірін жауып бара жатыр ма деп ойға шомасың. Ал бізге ұшарға қанат жоқ...
Ән • 17 Қазан, 2023
Әнде тарих болмаса, оның әсері әлсіз. Музыка миға қонған сәтте адам беймәлім ырғақтың желісіне байланады. Одан оны ажырата алмай қаласыз. Мәселен, әуесқой композитор Оралхан Көшеровтің «Достарға» әні біздің сонау сәби көңіліміздің аспанында әлі қалықтап жүр. Өзіміз сүйіп тыңдаған, жарыса орындаған жасампаз шығарманың шежіресі шырқаған сайын әлдебір сырдың теңізін бойлап бара жатады.
Туризм • 17 Қазан, 2023
Әлем назарына іліккен Сарайшық
Еліміздің ең көне тарихи орындарының бірі саналатын батыс өңіріндегі Сарайшық қаласы кезінде жүзден аса хан билік құрған Қазақ хандығының алғашқы астанасы әрі орта ғасырда Алтын орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған. Бүгінгі таңда Сарайшық – туристердің қызығушылығын тудырып отырған айрықша мекен. Өткен ғасырдың 60-жылдары қоғамдық негізде ашылған музей 1999 жылы «Хан Ордалы – Сарайшық» музей-қорығы болып құрылды. XIІІ ғасырдан бастап жазылған Сарайшық қаласының тарихы кеңес кезінде елеусіз қалып, тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған.