Қазақстан • 17 Қазан, 2023
Заңсыз активтерді қайтару: пәрмен мен пайым
Биыл 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды. Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге, халық игілігіне арналған дүние-байлықтың заңсыз жолмен әлдекімдердің қолына кетуіне ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жоюға арналған құжатты әзірлеуге депутаттар бастама көтеріп, жүйелі әрі кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізді. Алайда заң қабылданғалы бері 3 айдан астам уақыт өтсе де, оның нақты нәтижелері көрінбейді. Сонда заң қашан жұмыс істемек? Құжаттың қандай құқықтық тетіктері бар? Оған кім жауапты?
Қоғам • 17 Қазан, 2023
Еңбекші қауым үшін күнкөріс көзі ретінде жұмыс орны маңызды құндылық саналады. Сондықтан да азаматтар нәпақысын айырып отырған жұмысынан айырылып қалмауға қашанда мүдделі. Ал әлеуметтік жағынан сақтандырылған жұмысшылар болса, мұндай тәуекелдер туындаған жағдайда көптеген көмек түріне арқа сүйей алады. Айталық, бүгінгі таңда елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,9 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және олардың 1,2 млн-ға жуығы жыл бойы әлеуметтік төлемдер алады.
Ғылым • 17 Қазан, 2023
Ғылымды дамыту – маңызды мәселе. Ғылым мен инновация ел экономикасын көтеретіні, ғылымы дамымаған елдің көштің соңында қалатыны да баршаға мәлім. Біздің жағдайда инновацияның дамуы кешеуілдеп, жасаған ғылыми жетістіктеріміз аз болып тұр. Бұл ғылым мен өнеркәсіптің ортасында алшақтық бар екенін көрсетеді. Ғылымның сан саласын саралаған «Nobel Fest» іс-шарасында ойымызға осындай ойлар келді. Содан шетелдік ғалымдар айтқан бағыттардың біздің елдегі бәсі қандай деп сараптай бастадық.
Балалар • 17 Қазан, 2023
Баланы зорлық-зомбылықтан қалай қорғаймыз?
Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, елімізде 2017 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық сипатындағы 4 729 қылмыс жасалған. Бұл – жылына орта есеппен мұндай 788 факті тіркеледі деген сөз. Ал биылғы алты айдың өзінде 250-ден астам іс қозғалған.
Пікір • 17 Қазан, 2023
Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерткен жөн
Елімізде алғаш рет қанатқақты жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді. Қазір осы жобаға байланысты сайлау өтетін 42 аудан мен 3 қала нақтыланып, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын қолға алып та жатыр. Әрине, бәріміз сайлаудың әділ өткенін қалаймыз, бірақ...