Жоба • 17 Қазан, 2023
Отандық экономиканың жетекші саласының бірі – мұнай-газ өнеркәсібі. Әлемдік нарықта баррельмен бағаланатын «қара алтынның» алғашқы тамшысы алынған 1899 жылдан бері бірнеше кен орны іске қосылып, мұнай өндіру еселеп артты. Әсіресе Атырау облысындағы «Теңіз», «Қашаған» кен орындарын игеруге шетел инвесторларының инвестициясы тартылды.
Табиғат • 17 Қазан, 2023
Алатау алабы мен Жетісу жерін құландар ежелден мекен еткен деседі. Бұл аймақтардағы бірді-екілі орындардың құлан атауымен астасып жатуы тегін емес. Алайда өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін құлансыз қалған құла дала жүздеген жылдар бойы құлазып жатты.
Жәдігер • 16 Қазан, 2023
Ел аузында сақталған аңыз – әпсана деректерде Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті саналатын әулие, пір Жүсіп атаның қолжазбасы табылғаны туралы мәліметті Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз қызметі таратты.
Тарих • 16 Қазан, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары неміс фашистері Германияда және өздері басып алған мемлекеттерде барлау мектептері мен курстарының үлкен желісін құрды. Мұндай мектептер уақытша басып алған кеңестік республикалар мен облыстардың аумағында да қанат жайды. Бұл мектептерде фашистер диверсанттар мен тыңшыларды, шпиондарды даярлады.
Мирас • 16 Қазан, 2023
Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі «Сыр бойындағы діни-ағартушылар мұрасын кешенді зерттеу» жобасын қолға алды. Музейдегі мамандар осы күні Тапал ахун (Нұрмұхаммед) Қадірұлы (1848-1921), Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862-1916), Марал ишан Құрманұлының тікелей ұрпағы Әмит (Абдулхамид) ишан Әбдірахманұлы (1905-1961) пайдаланған араб, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптар мазмұнын талдап, құнды мұра туралы деректер дайындап жатыр. Алда осы уақытқа дейін жеке адамдар қолында сақталып келген осы кітаптардың көшірмелері жасалып, музейге қойылады.