Тарих • 17 Наурыз, 2023
Күйгенкөл ауылындағы қуғын-сүргін
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылында және оған қарасты шағын елді мекендерде 1928-1932 жылдардағы ұжымдастыру саясатына қарсы халық наразылығы болған. Өңірдегі байдың ұрпақтары мен ауқатты адамдар ауылдағы ұжымдастыру науқанына қарсылық танытқаны анық.
Тарих • 16 Наурыз, 2023
Қазақтың бірегей ойшылы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, этнограф, тарихшы, ақын, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көрнекті өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858-1931) бағалы мол мұрасы туралы ой-тұжырымдарды Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, Ә.Марғұланның, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Ә.Тәжібаевтың, М.Мағауиннің, С.Негимовтің, С.Дәуітұлының, Қуандық Жүсіптің еңбектерінен табамыз. Ал Мәшһүр Жүсіптің 20 томдық шығармалар жинағы 2018 жылы жарық көрді. Бұл еңбекте Мәшһүр Жүсіптің әр жылдарда жазған хаттары да бар. Ал мына Сәбит Мұқановқа жазған хаты оған енбеген. Бұл хат С.Мұқановтың жеке архивінде сақталған.
Спорт • 16 Наурыз, 2023
Азияның мықтылары Астанада анықталады
Күрес түрлерінен Азия чемпионатының тұсауы осыдан 44 жыл бұрын кесілген еді. 1979-2022 жылдар аралығында 35 жарыстың жалауы желбіреді. Алғашқы екі дода тек еркін күрес шеберлері арасында өтсе, үшіншісінде олардың қатарына «классиктер» қосылды. 1996 жылдан бері бозкілемге бұрымдылар шыға бастады. Сол бәсекелердің төртеуі Қазақстанда ұйымдастырылды. Атап айтсақ, аталған сайыс 2004, 2006 және 2021 жылдары Алматыда өтсе, 2014 жылғы жарысты Астана қабылдады. Міне, енді сары құрлықтың ең белді балуандары қайтадан Алаш топырағында бас қосқалы жатыр. Бұл белдесулер 7-14 сәуір аралығында өтеді.
Сайлау • 16 Наурыз, 2023
Сайлау: Саяси реформалардың қорытынды кезеңі
«Әділетті Қазақстанға жаңа сайлау жүйесі міндетті түрде қажет» дейді сарапшылар. Өйткені ол тікелей ел болашағы мен сындарлы саяси шешімдердің қабылдануына әсер ететін факторға айналды. Мұны Президент өз Жолдауында айтып, сайлаудың мақсаты мен міндетін, бұған қоса өткізу уақыты мен жүйесін айқындап берген еді. Мемлекет басшысы елде аралас сайлау жүйесін енгізуді құп көріп, пропорционалды және мажоритарлық сайлау жүйесін бірге қолдануды ұсынды.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2023
Жасампаздыққа жол ашқан Жолдау
Тура бір жыл бұрын Қазақстан шынайы жаңғыру жолына аяқ басты. 2022 жылдың 16 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды.