Сайлау • 20 Наурыз, 2023
ОСК: Дауыс берудің алдын ала нәтижесі қандай?
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. 19 наурыз сағат 22:00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Шетелдегі 44 сайлау учаскесінде ғана отандастарымыз өз таңдауын жасап жатыр.
Сұхбат • 20 Наурыз, 2023
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Елімізде сайлауға қатысып, дауыс беру құқығына ие 12 032 578 адам бар екен. Ал бүгін осы азаматтардың 54, 19 пайызы, яғни 6 521 860 отандасымыз сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасаған. Сонымен, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны мәреге жетті. 19 наурыздағы саяси іс-шара ел тарихындағы ерекше күннің бірі болып қала бермек.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Шетелдегі сайлау учаскелері: 5071 отандасымыз дауыс берді
Еліміз үшін тағдыршешті сайлауға шетелде жүрген отандастарымыз да белсене қатысып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, шартарапты шарлап жүрген ел азаматтары 62 мемлекеттегі 77 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Оқиға • 20 Наурыз, 2023
Азаматтардың құжаттарын (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтитын цифрлық құжаттар сервисінде тағы бір құжат (басқа құжаттар бөлімінде) пайда болды. Енді әрбір азаматқа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі қолжетімді.