Тәуелсіздік • 23 Тамыз, 2021
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің ескерткіші ашылды. Ел мен жердің тұтастығын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан тау тұлғаның мүсіні Әскери-тарихи музей жанындағы алаңда орналастырылды.
Коронавирус • 23 Тамыз, 2021
Вакцина салдырғандар 10 млн-ға жетеді деген үміт бар
«Дельта» штамы дүние жүзін дүрліктіріп, коронавирус инфекциясының қайта күшеюіне алып келіп жатыр. Өкінішке қарай, індет таралуының бұлай қарқын алуы Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Кейінгі айларда ауру жұқтырғандар күрт көбейіп, адам шығыны да аз болмады. Дегенмен елімізде 1 тамыздан бастап коронавирустың таралу индексі 1,11-ден 0,97-ге, яғни 14%-ға төмендепті. Қауіптің қатерін түсіне түскен халықтың вакцина салдыру белсенділігі де арта бастағаны байқалады. Осы қарқын сақталса, қыркүйек айында вакцина салдырған азаматтарымыздың саны 10 млн-ға жетеді деген үміт бар.
Әдебиет • 20 Тамыз, 2021
Сөздердің тууы, өмір сүруі, өлуі – өзінше бір цикл. Әр дәуірдің өз сөзі, сол заманның сыны мен сипатын ашатын, сана ағыны мен көңіл күйін беретін сөздер болады. Белгілі бір сөздер өз кезеңімен бірге пайда болып, сол кезеңмен бірге құмға сіңгендей, құрдымға кеткендей жоғалып жатады. Жаңа идеялар, жаңа технологиялар жаңа ұғымдарды тудырады.
Экономика • 20 Тамыз, 2021
Тарифті тежеу – тұтынушыларды демеу
Жыл басында 106 табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға арналған тарифтерді 63 пайызға көтеруді жоспарлаған еді. Алайда бұл іске Табиғи монополияларды реттеу комитеті араласып, тарифтердің өсуі айтарлықтай тежелді.
Өнер • 19 Тамыз, 2021
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде өңірге белгілі суретші Александр Захарченковтың «Акварель бояуының болмысы» атты көрмесі ашылды. Көрме жұмысы барысында суретші А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің шәкірттері мен бейнелеу өнеріне қызығушылығы бар бірнеше ересек адамға арнап шеберлік сыныбын өткізді.