Әлем • 18 Тамыз, 2021
Әлем кейінгі екі жылды ауыр өткеріп жатыр. Күннің әр сәті – елең-алаң, апақ-сапақ секілді. Оған себеп, әрине, 2019 жылы алғашқы белгілері байқалған коронавирус індеті. Осы індет алып келген жаһандық пандемия әлемде экономикалық тұрақсыздықты, саяси солқылдақтықты, қоғам мен адам, адам мен адам арасындағы келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерді тудырды.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
Негізі, Шығыс өңірі есіл байлықтың бел ортасында отыр. Жемісі самсап тұрған нуы, балығы тайдай тулаған суы бар. Балы мен қымызы, бұғысының мүйізі – бренд. Жарқыраған жарнамасы болмаса да, бұл өнімдердің қаны жерге тамбайды.
Бокс • 18 Тамыз, 2021
Әлиді азулы қарсылас күтіп тұр
Екінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовті алдағы күндері тағы бір аса ауыр сынақ күтіп тұр. Жерлесіміз 25 жастағы гватемалалық боксшы Лестер Мартинеспен кездеседі. Осы спорт түріндегі мансабын бастағанына екі жылдан енді ғана асқанына қарамастан, Әлидің қарсыласының есімі ерекше құрметпен аталады.
Қоғам • 18 Тамыз, 2021
Қиналғандарға қолұшын беру – парызымыз
1949 жылдың 29 тамызын қазақ халқының басындағы ең қайғылы күннің бірі деп айтуға болады. Осы күннен 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі 40 жыл аралығында сол кездегі бодандықтың салдарынан қазақ елінің, жерінің, халқының, жан-жануар, табиғатының Семей ядролық полигонының зардабын тартып келгені ақиқат. Бұл туралы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бахия Атшабаров, Меңдіғали Сужиков, Кешірім Бозтаев, Медеу Сәрсеке және басқа да көптеген белгілі тұлғалар айтып, жазған. Мәселен, Медеу Сәрсекенің «Семейдің қасіреті» деген үш тілде жарық көрген кітабында толық ұғынықты жазылды.
Тарих • 17 Тамыз, 2021
Тарихын аңызға сүйеген алаштың қасқыр мінезіне қарап бойынан бөрілік сипатты байқайсыз. Тіпті онысын тасқа қалап, ағашпен ойып та баяндайды. Бөрілі байрақ қолға алып шапқан бабамыздың ерлігі өз алдына, топырағын қазсаң қазба байлығынан да көкбөрілік рух аңқып тұрады. Тасқа қашап, ағашты жонып салынған суретке қарап, ежелгі дәуірдің келбетін көреміз. Бұл – біздің тарихтың шежіресі.