Білім • 09 Тамыз, 2021
Халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар Химия пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IChO-2021) төрт медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында үш күміс және бір қола бар.
Экономика • 09 Тамыз, 2021
Қашықтан жұмыс істеудің экономикаға әсері
Енді әлем жылнамасын парақтағанда оны пандемияға дейін және пандемиядан кейін деп бөлерімізге зәредей күмән қалмады. Індет салдарынан адамдар қашықтан жұмыс істеп, сауданың өзін онлайн іске асыруға мәжбүр болуда. Бұл өз кезегінде еңбек нарығы заңдылықтарын өзгертіп, экономикаға өзгеше әсер ете бастады.
Тәуелсіздік • 09 Тамыз, 2021
Тарих сабақтары санада жаңғырды
Қазақстанның Тәуелсіздіктің отыз жылында атқарған ісі мен жеткен жетістігі аз емес. Қай саланы алып қарасақ та, егемендік алғанға дейінгі уақытпен салыстырсақ, ілгерілеу мен дамудың даңғыл жолында екені сөзсіз. Мерейтой қарсаңында оларды жүйелеп халыққа ұсынған «Хабар» телеарнасы тарихи деректер мен аймақтар туралы ақпаратты екі түрлі жобаға біріктірген екен. «Туған аймақ» пен «Тарих сабақтары» анимациялық роликтері өңірлердің тыныс-тіршілігі мен тәуелсіздік жылдары болған басты оқиғалар туралы сыр шертеді.
Өнер • 06 Тамыз, 2021
Ұлттық қолөнер халықаралық нарыққа шығады
Қостанай облысынан 35 қолөнерші халықаралық BornNomad көрмесіне қатысады. Олар қазір онлайн режімде дайындықтан өтіп жатыр. Одан кейін аталған көрмеге еліміздің әр өңірінен қатысатын өзге шеберлермен «Дәстүр және мәдениет», «Инновациялар», «Шебер шығармашылығындағы әйел бейнесі», «Жас таланттар», «3D қолөнері» және «Шығармашылық коллаборация» номинациялары бойынша өнер сайысына түседі.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Олимпиадаға қатысқандар қуанта алмай ұнжырғамыз түсіп жүргенде солтүстікқазақстандық Асыл Ахметова деген қызымыз аттың үстінде түрегеп шауып, бір серпілтіп тастады. Оның Instagramдағы парақшасына бірнеше сағаттың ішінде ғана жазылушыларын 15 мыңға жеткізген.