Өнер • 05 Тамыз, 2021
Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінде тағылымды тарихтан сыр шертетін көне жәдігерлер жетерлік. Сондай асыл дүниенің бірі – Қазақстанның халық ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрхан Ахметбековтің домбырасы.
Қаржы • 05 Тамыз, 2021
Қазір қазақстандықтардың қалтасында әмиян бар, бірақ әмиян ішінде ақша жоқ. Құнды қағаз қазір өз мекенжайын электронды әмияндарға айырбастаған. Электронды сауданың дамуы қолма-қол төлемді күрт азайтты. Бірақ бұдан ешкім де ұтылмайтыны анық.
Білім • 05 Тамыз, 2021
Тегін курс компьютерлік дағдыны дамытады
«Пандемия сабақтары» біраз мәселенің бетін ашып бергендей. Карантиннің кезінде көп педагог қашықтан оқытуға дайын болмады. Компьютерлік дағдыларды игермегеннің кесірінен қиындықтар туды. Осыған орай білім беретін қауымға жаңа курс тегін оқытыла бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Театр • 05 Тамыз, 2021
Межесі биік, мүмкіндігі мол ұжым
Заңмен бекітіліп, жылына бір рет берілетін кезекті еңбек демалысы жұмыс істейтін әр адам үшін, әсіресе шығармашылық адамы үшін аса маңызды. Жаз мезгілі жақындағаннан бастап демалысты есте қалатындай етіп өткізуді ойластырып, іштей түрлі жоспар түзу сүйікті ермектің біріне айналып, асыға күтеді. Денсаулыққа көңіл бөліп, шаршаған ағзаны қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат жинап қайтуға әркім құмбыл. Демалысқа кезектеспей-ақ бүкіл қызметкері бір мезгілде кетіп, қол ұстасып бірге келетін дәстүрі бар санаулы ұжымның бірі – театр. Апта басында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының басшылығы жазғы еңбек демалысынан оралған ұжымдастарын тосын жағдайда қарсы алды.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Қазіргі кезде елімізде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді. Жаһанды жайлаған қауіпті індет Жамбыл өңіріне де оңай тиіп отырған жоқ. Аймақта коронавирустың күн сайын өсу дерегі тіркеліп, науқастар саны артуда. Өкінішке қарай, қауіпті індет салдарынан қайтыс болып кеткендер де бар.