Экономика • 04 Тамыз, 2021
Қаржы секторында кім көшбасшы?
Елдегі қаржы айналымының басты драйверіне айналған екінші деңгейлі банктердің меншік капиталы соңғы бір жылда 7,6 пайызға өсіп, 4,03 трлн теңгеге жеткен. 20 банктің жағдайы жақсы болса, төрт банк минуста қалған.
Экономика • 04 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі агроөнеркәсіптік блоктың еншілес компанияларын қайта ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл ретте қолға алынған жұмыстар шаруалар үшін қаржыландыруға деген қолжетімділікті қиындатпауы тиіс. Холдингтің осы бағытта жүргізіп отырған жұмысы туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Мұрат Дәрібаевтан сұрап білген едік.
Тарих • 03 Тамыз, 2021
Тарих – құпиялардың сөздігі. Шешімін табу үшін көне дүниелердің көзімен қарауға тура келеді. Адамзаттың шыққан тегін анықтайтын да сол құнды жауһарлар. Сенбесеңіз, көркемделіп ойылған зооморфты сүйек қасыққа қараңызшы. Бөрінің бейнесі сызылған ескі заттан қазақтың иісі шығып тұр.
Спорт • 03 Тамыз, 2021
Қамшыбек Қоңқабаев: Бар күшімді келесі жекпе-жекке жұмсаймын
Газет оқырмандары бұл күнде бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың Токио Олимпиадасында жартылай финалға шыққанынан хабардар. Қамшыбек енді жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен кездеседі.
Спорт • 03 Тамыз, 2021
Енді еркін күреске елеңдейміз...
Еркін күрестен Әсет Серікбаев баптайтын Қазақстан құрамасының балуандары 4 тамызда Олимпия ойындарындағы алғашқы белдесулерін бастайды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада еркін күрес балуандары алты салмақтың бесеуінде жолдама алып тұрып, бірде-бір балуанымыз жүлде алмай қайтқан еді. Биыл да еркін күрес шеберлері бес салмақта белдеседі. Нәтижесі қалай болар екен?