Экология • 04 Тамыз, 2021
Тау басындағы таңғажайып Шайтанкөлдің жағасына қалайша қоқыс шашып кетуге болады? Өкінішке қарай, кейінгі кездері көздің жасындай көлді тамашалауға келген туристер тазалық дегенге мән бермейтін болыпты.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2021
Індет жұқтыру тіркелген деректен көп болуы мүмкін
Облыстық эпидемиялық-санитарлық бақылау департаментінің мәліметінше, Павлодар облысы – індет жұқтыру көрсеткіші бойынша әлі де «қызыл аймақта». Қазіргі кезде өңірде 30 934 науқас тіркелген.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2021
Өкінішке қарай, Жетісуда коронавирус індетінің таралуы күн сайын өсіп келеді. Облыс қазір «қызыл аймақ» санатына кірген. Алайда шектеу шараларының күшеюі мен алдын алу жұмысына қарамастан ауырып, емханаға түсіп жатқан адам саны азаймай отыр. Мәселен, өткен тәулікте 311 науқастан вирустың оң белгісі анықталып, инфекциялық ауруханаға жатқызылған екен.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2021
Ел ішінде «жаман тұмаудың» тыйылмай тұрғанына себепші болып отырған «қазақтың тойы» деген түсінік түпкілікті қалыптасты. Бұлай деуге негіз бар. Жасыратыны жоқ, бүгінде еліміздің барлық қаласында жасырын тойлар өтіп жатыр. Бұған тыйым салуға жергілікті атқарушы һәм құзырлы органдардың шамасы келмей қалды.
Қоғам • 04 Тамыз, 2021
Бұл мәселеге баяғыда нүкте қойылуы керек еді. Глубокое ауданындағы «Прииртышье 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Виктор Леонтьев кәсібін дөңгелетуде кедергілердің барын айтып, тиісті орындарға бір емес, бірнеше рет шағымданған. Алайда онысынан еш нәтиже шығара алмаған. Қайда жазса да, мәселенің шешімі аудандық әкімдікке келіп тірелген.