Руханият • 02 Шілде, 2021
Таныс өлкедегі тамаша мүсіндер
Қазақстан мүсін өнерінде Павел Шороховтың есімі ерекше аталады. Ол өмірінің ең шуақты да қуатты жылдарын осы бір бекзат өнерге арнап, елу жылдан бері мүсін жасаумен айналысып келеді. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде салтанат құрған «Шабыттандырған қалам» көрмесі туындыгердің 75 жылдығына арналып отыр.
Өнер • 02 Шілде, 2021
Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Шежірелі шанағыңа талайлы тарихымды сыйғызған сен аман бол – домбыра! Ұлы даланы даңққа бөлеген сенің болмысында қазақтың наркескен намысы бар. Алп-алп басқан атандай буырқанған бабалардың мыңжылдықтан бері сенімі сен едің, серігің мен едім! Сені сол үшін де жаныма медет, рухыма сая тұтамын. Қасиетіңнің салмағын Қаратаумен өлшемесем, маған серт, қадірімді Алатауға теңгермесең, саған серт. Бағзыдан аян, нәсілі асыл елім сен дегенде көңілін көкжиекке сүңгітіп, сазыңнан жанына шипа іздеген. Қос ішегіңнен төгілген толқын сақи дүниенің тілі мен тіні болып мына құс тұмсығындай қысқа жалғанның жан жарасын жазған жоқ па?! Сен сол үшін де қымбатсың маған! Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Коронавирус • 02 Шілде, 2021
Атырау тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға ынталандыру шаралары қолға алына бастады. Соның бірі – жүлде қоры 40 млн теңгені құрайтын қаржылай ұтыс ойыны. Мұны облыстық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып отыр.
Коронавирус • 02 Шілде, 2021
Бас қалада карантиннің күшейтілуіне қарамастан коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт өсті. Маусымның соңғы тәулігінде сырқаттанушылардың саны 800-ден асты. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты карантин үшінші мәрте күшейтілген жайы бар.
Саясат • 02 Шілде, 2021
Араб әлеміндегі қазақ елшілері
Қазақстан егемендік алған сәттерден бастап, белсенді түрде әлем елдеріне таныла бастады. Қазақтың көк байрағы жаһан мемлекеттерінің астаналарында көтеріліп, дипломатиясы алғашқы қадамдарын жасады. Тоқсаныншы жылдар қазақ дипломатиясының қарқынды екпін алу мен салтанатты шеруінің уақыты десек, қателеспейміз. Бұл саңлақ елшілерімізбен дипломаттарымыздың шыңдалудан өткен кезеңі еді.