Руханият • 09 Ақпан, 2021
Сәкеннің туған інісі Мәжиттің күйеу баласы (үлкен қызы Рымжанның күйеуі) Қарпық Құсайынов − ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Рухани жағынан жан-жақты білімді, ой өрісі кең, әдебиет пен музыкаға зерделі эстет жан. Ғалымдар қауымының ортасында беделді, сыйлы азамат. Зипа бойындағы ізеті, пәк сезімді тазалығы, ішкі мәдениеті жан біткенді жылы мейірмен баурайды. Осы қасиеті кісілік келбетіне жарасып-ақ тұрады. Бұл кісімен көп араластым. Қисыны келіп әңгімелесе қалсам, өзі туып-өскен Жаңаарқа елінің арғы-бергі тарихын түптен тартып, тереңнен қозғайды.
Руханият • 07 Қаңтар, 2021
Абай ақындығының алтын бастауы
Абай өмірбаянының Мұхтар Әуезов жазып қалдырған төрт нұсқасы бар. Ұлы ақын он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абайдың біраз оқығандығы айтылады. Ақынды ауылында оқытқан молда туралы С.Мұқанов былай деп жазады: «Құнанбай Абайды Ғабитхан дейтін татар молдаға сабаққа береді. Ғабитхан Қазан жақтан 1850 жылдары солдатқа алынудан қашып, қазақ даласына келеді де, Балқаш көлінің шығыс жақ жиегін мекендеп отырған Керей руында Шүршіт атты байға көп тоқырайды. Келесі жылы Көкшетау дейтін жерде Құнанбай көршілес көп руларды шақырып, өлген әкесі Өскенбайға ас береді.
Сұхбат • 29 Желтоқсан, 2020
Қазақстандағы Экотуризм қоршаған ортаны қорғау құралы бола алады
Экологиялық туризм биоалуантүрлілік пен экожүйені сақтаудың пәрменді және тиімді құралдарының бірі ғана емес, сондай-ақ жергілікті халықтың тұрмысын түзеуге ықпал ететін тетік. Осыған орай, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) екі ауқымды істі – Биоалуантүрлілікті Қаржыландырудың Жаһандық Бастамасы (БИОҚЖБ) мен Орман экожүйелерін сақтау жобаларын жүргізіп отырғаны аян. Еліміздегі экологиялық туризмді дамытуда БҰҰДБ жобалары не атқарды, туризмнің бұл түрін жолға қоюдың түйткілдері қандай, деген сауалдарға жыл соңында, БҰҰДБ биоалуантүрлілікті сақтау жобаларының менеджері Талғат КЕРТЕШЕВ жауап береді.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020
Қолжазбалар мен сирек кітаптар – ұлтымыздың құнды мұралары
Қолжазбалар мен сирек кітаптар – қай заманда да киелі құндылық, асыл қазына. Әрбір халық мәдениетінің биіктігі мен ділінің беріктігі құнды деректердің мазмұнымен, оның көркемдік сапасымен және сауаттылығымен өлшенетіні анық. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп, бастамашы болған «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шетте жатқан біраз құндылықтарымыз елге келгенімен, әлі де зерттелмегені қаншама. Мәдени мұраның жалғасы іспеттес «Архив - 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары еліміздің архив саласына үлкен бір серпін бере отырып, ұлтымыздың құнды мұраларын ғылыми деректер тұрғысынан баянды етуде қолжазбалар мен сирек кітаптардың маңызы ерекше екендігіне назар аудартты. Ежелден қазірге дейін сақталған жазба дүниелерімізді ұлықтау арқылы Біртұтас ұлтымыздың жарқын болашағын қалыптастыру – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірден-бір мақсаты болып отыр.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2020
«Брюссель әсері» технологиялық компанияларға да тиеді
НЬЮ-ЙОРК . Еуропалық комиссия таяуда цифрлы экономикаға қатысты негізгі ережелерді таныстырып, тағы бір жаһандық стандартты іске қосты. Үлкен технологиялардың ықпалын азайтуға арналған Цифрлы қызмет акті (DSA) және Цифрлы нарық акті (DMA) Apple, Amazon, Facebook, Google және басқа да АҚШ-та орналасқан үлкен компаниялардың бизнеске ықпалын төмендетуге ұмтылады. Еуропалық одақ аталған компанияларды интернеттің күзетшілері ретінде белгілеп, олардың нарықты жаулап алған билігінің әсерін бақылауға алуды көздейді.