Сәкеннің туған інісі Мәжиттің күйеу баласы (үлкен қызы Рымжанның күйеуі) Қарпық Құсайынов − ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Рухани жағынан жан-жақты білімді, ой өрісі кең, әдебиет пен музыкаға зерделі эстет жан. Ғалымдар қауымының ортасында беделді, сыйлы азамат. Зипа бойындағы ізеті, пәк сезімді тазалығы, ішкі мәдениеті жан біткенді жылы мейірмен баурайды. Осы қасиеті кісілік келбетіне жарасып-ақ тұрады. Бұл кісімен көп араластым. Қисыны келіп әңгімелесе қалсам, өзі туып-өскен Жаңаарқа елінің арғы-бергі тарихын түптен тартып, тереңнен қозғайды.

Әсіресе, қайын жұрты Сейфуллиндер әулетінің жұртқа беймәлім жайларын осы Қарпық ағайдан естігенде кешегі зұлмат заманның құрбаны болған Сәкеннің қилы-қилы тағдыры жан тебірентіп, кітаптарға жазылмаған алуан-алуан сырлар еріксіз бас шайқатып, уһілете шертілетін еді. Әлбетте, Сәкен өмірінің көп шындығы – бізге әлі де болса ашылмай жатқан тұңғиық сыр. Мені көбінесе Сәкен әндерінің хикаясы қызықтыратын-ды. Сол әндердің ішінде елге Біржан сал, Ақан сері әндеріндей кең тараған «Тау ішінде» деп аталатын әні.
Ән Сәкен ақталғаннан кейін алғаш рет әнші Ләззат Сүйіндікованың орындауында радиодан беріле бастағанда, ақынды аңсаған елдің ықыласында шек болмады. Кәусар әннің лебі қазақ даласын жібек желмен желпіді. Бұл ән жөнінде неше түрлі аңыз айтылды. Біреулер Сәкен ақталғаннан кейін бұл ән жөнінде неше түрлі аңыз-әңгіме тарата бастады. Біреулер өз қиялымен долбарлап әңгімелер жазды. Сонда Сәкеннің елі, Жаңаарқа жұрты ондай қауесеттердің бірде-біріне иланған жоқ.
Әлі есімде, бұл – 1964 жылғы мамыр айы, Сәкеннің 70 жылдық мерейтойының қарсаңы еді. Мәжит ақсақалдың үйіне сонау Жаңаарқадан біраз ағайындары келді. Солардың ішінде Әзімхан деген қарияның әңгімесіне жұрт сүттей ұйып ден қойды. Сол әр қилы әңгімелердің арасында «Тау ішінде» әні де сөз болды. Отырған жұрт осы әңгімені қайта-қайта сұрап, көңілдері босап, уһілеп отырды. Осы бір сәт мені әр кез елеңдете берді. Бұған дейін айтыла бастаған хикаялар көкейіме қонбай қойды. Бір жолы әдеттегідей Қарпық ағайдың үйінде қонақта болдым. Рымжан апай жаны қалмай өбектеп, Қарпыққа «Тау ішінде» әнінің мән-жайын айтқызып, өзі қосарлана сөйлеп, Жаңаарқада тұратын әйгілі әнші Игілік Омаров орындап жаздырған бір аудиокасетаны тыңдатты. Игіліктің жан жүректі тебірентетін лирикалық үні бір ғажайып махаббат жыры боп қиялымызды көкке өрлетті. Осы әсерде отырып, Қарпық ағай:
– Блокнотың бар ма? – деді жайлап қана.
– Бар, – дедім сәл аңырып.
– Мен өзің көрген Әзімхан ақсақалдың «Тау ішінде» әні жөнінде айтқан хикаясын қаз-қалпында айтып берейін. Жаз... бұл осы күнге дейін айтылмаған шын ақиқат сөз, басқа уәждің қажеті жоқ. Иә, бұл менің сөзім емес, Сәкен ағаның қияметтік досы, рулас ағайыны, бала кезінен бірге өскен Әзімхан ақсақалдың сөзі. Бұл сөзді Сәкен ағаның тойы қарсаңында келген сапарында Мәжит атамның үйінде емін-еркін отырып айтып еді. Содан бері бұл әңгімені қызғыштай қорып, жан біткенге айтқам жоқ. Көңіл түкпірінде жата берді. Оны өзіңе ғана айтуым – талай әнді тірілтіп, бағын ашып жүрсің. Көңіл дітімді түсініп отырған шығарсың, «Тау ішінде» әнін аманат еттім өзіңе. Енді сол Әзімхан ақсақалды сөйлетіп көрейін:
– Е, Қарпықжан, сені бала кезіңнен білем ғой, қария сөзді кісілерді көп тыңдадың, сол қасиетіңе тәнтімін... 1919 жылы Сәкен Омбы түрмесінен қашып шығып, Баянауылда бой тасалап жүріп, сәуір айында жасырын түрде Жаңаарқаға келеді. Қасында нағашысы бар. Замана найзағайы ойнап, құбылып тұрған қатерлі күндер. Сәкен бірден жұрт көзіне көріне алмайды. Ебін тауып өзінің отбасымен жалғасады. Даладағы ескі мазарларға жасырынып жатады. Сәкеннің келгеніне сенер-сенбесін білмей әбіржіген ағайын аса сақтықпен жалғасып, оған киім-кешек, көрпе-төсек, төсеніш әкеп беріп, көз байланып түн болса, күнделікті тамағын жеткізіп беріп тұрады. Сәкен елдегі жағдайды естіп-біліп отырады. Бір күні Сәкен өзімен байланысып жүрген жандардан менің үйленетін жағдайымды естіпті. Ой, шіркін, Сәкен-ай... менің мына жаңалығыма тебірене қалып: «Барам! Әзімханға бармағанда кімге барам!? Тойы бола ма, құдалығы бола ма, бәріне барам! Тірі жүріп көр ішінде түнегенім жетер енді! Шығам, мына жарық дүниеге! Өлсем де елдің ішінде өлейін. Айтыңдар Әзімханға, бір жақсы ат дайындап қойсын!», депті. Мына сөзді естіп, Сәкеннің дін амандығына көзіміз жетіп, біресе жылаймыз, біресе іштей булығып, мәз боламыз өзімізше. Бірде бойымызды қорқыныш та билейді. Сәкен қайта ұсталып кете ме деп, зәре жоқ. Біз сол күндері өзіміздің жаз жайлауымыз Ескенеде отыр едік. Көп созып неғылайын, Қарпықжан, Сәкен тойдан екі күн бұрын қасында екі-үш ауыл адамы бар, біздің үйге келіп түсе қалды. Өң мен түс секілді осы сәт... жыласып-сықтасып, ал көріс... Сол күні біздің үйде үлкен думан болды. Ескенеде шырқалған әндер алты қырдан асып жатты.
Соның ертеңінде Сәкен қымыз ішіп отырып:
– Әзімхан, аттың жайын білуші едің ғой, сәлемім де жеткен шығар, мен бір жақсы атқа мінейін, – деді.
Сәкеннің осы сөзінің өзіне жүрегім исініп, үнім дірілдеп:
– Атың дайын, – дедім, көзіме ыстық жас кілкілдеп.
Енді қара, Қарпықжан, Сәкен ақ боз аттың үстінде сылаң қағып, Ескене тауына қарай кетіп барады... жалғыз өзі!
Жұпар иісі аңқып, сағым ойнаған далада сансыз көкек үні сұңқылдап, қырмызы гүлдері құлпырған жер-дүние бауырдай балбырап, аспанда ақша бұлттар мамырлай қозғалып, хаққа мүлгіген табиғаттың исініп, иіп тұрған шағы бұл. Біз ертеңгі тойға алас-күлес әзірлік үстінде тырбанып жатырмыз. Өзім анда-санда жалтақ-жалтақ етіп, мұнартып тұрған Ескене жаққа қарап қоямын. Есіл-дертім Сәкен... не керек, бағана таңертең кеткен Сәкен бесін ауа ақбоз атты сылаң қақтырып келе қалды. Келді де:
– Қымыз бар ма? – деді, есік алдында жатқан жалпақ тасқа отыра кетіп. Сырлы тостағанмен мейірленіп қымыз ішті.
Қымыз ішіп болғаннан кейін маған, және менің қасымдағы топырлап тұрған жандарға күлімсірей қарап:
– Қағаз, қалам беріңдерші, – деді.
Сөйтті де қоңыр көзі ойға тұнып, бірдеңені тездетіп жаза бастады.
Ертеңінде айлы аспанның астында бұқар кілеміндей былқылдаған көк саздың үстінде менің үйлену тойым басталды. Жар-жар, беташар айтылды. Үлкендер сөйлеп, батасын беріп жатыр. Ду-дудың арасы әнмен шалқыды. Сәкеннің:
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын,
Меймандос берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдер-ай,
Еркін дала белдер-ай,
Қаздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер ай.
А-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс,
– дейтін әнін ауыл жастары желпілдете шырқады.
Сәкен толқып кетті. Жастарға қызыға қарап, күлімсірегенде, кірпігіне зорға ілігіп тұрған жалғыз тамшыны көргендей болдым. Бір кезде дуылдасқан жұрт:
– Сәкен аға, ән... әніңізді сағындық! Әніңізді! – десіп шулап қоя берді.
Сәкен аң алып тояттаған бүркіттей жүзі жайраң қағып, қоңыр көзінен ұшқын атып, үн-түнсіз домбыраға қол созды. Ой, құдай-ай, соны мына көзім көрді ғой, Қарпықжан, Сәкеннің мақпалдай жұмсақ қоңыр үні:
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақбоз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп, – деп бір ғажап хикаяны бастап бара ма, өзгені қайдам, өз жүрегім соғады, соқпайды. Үнім шықпай қалар ма еді, қайтер еді, сиқырлап буып тастаған мына бір кәусар әуез лезде құбыла қалып:
Ақбоз ат – менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек кере жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын.
Ахау, сүмбіл шаш, тәтті сөзің, қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің,
– деп жарқылдатты дейсіз, жұрттың делебесін қоздырып.
Сәкеннің салалы саусағы қандай жұмсақ еді, шіркін, перне бойын былқылдата басып, көзінен таң нұрындай шырай білініп, пешенесі жазыла түсіп, кербез керіліп:
Ән салдым есіп майда, жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқындай мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып,
– деп сырлы сезімді қоңыр үні тамылжығаны сондай, «Мың бір түннің» махаббат ертегісін айтып отырғандай жан-жүректі елжіретіп, дүйім жұртты өзіне қадалтты да қойды. Арбалып қалдық. Көз алдымызда әлде Біржан сал, әлде Ақан сері тұр ма, құдай-ау, деп есім шықты. Жанымда тұрған біреулердің: «Япырай, Сәкен ағаның мына сөзін естіген қызда не арман бар екен?», деген сөздерін құлағым шалды. Сәкен мақпал түнде толықсыған алтын айға толғана көз тігіп:
Ұйқыға әнімді естіп берілмессің,
Маужырап төсегіңде керілмессің.
Ақырын үйден шығып, уәделі
Жеріңе келуге сен ерінбессің,
– деген сөзді бар жанын салып, құштар сезіммен айтқанда екі көзі ымырттай үйіріліп, өзі рахатқа батқандай тамылжыды.
Ән айтылып біткенде Сәкен өзіне ынтыға қараған жұртқа:
− Бұл әннің жайын білгілерің келсе, бүгін таңертең мен жүрген соқпақпен жүріп, Ескененің бір қойнауы Найзақалған сай дейтін жерде жүрегімнің қалай соққанын қолдарыңмен басып көрсеңдер, осы ән жүрегімде тепсіне тулап тұрар еді, сол бір сәтте – деді.
Жұрт демін ішке тартып, сілтідей тынып, ләм-мим демеді. Сәкен төс қалтасынан бүктелген қағазды алды да, жаңа әлгінде Арқа әндерін, әсіресе «Бір келіншек» әнін сызылта шырқаған жас жігітке берді. Сол күннен бастап Сәкеннің «Тау ішінде» әні қолдан қолға тиді, ауыздан ауызға тарап, бірте-бірте алыс-алыс жерлерге қанат қағып кете барды...
Міне, Қарпықжан, көзім көріп, бастан кешірген бұл сырды мен айтпағанда, кім айтады? Сәкен екеуіміз бір ауылда өстік. Жаз жайлауымыз Ескене, қыс қыстауымыз Қарашілік. Бала кезіміз, Сәкен Нілдіде орысша оқып жүрді, каникулда оқудан келеді, алдынан шығып қарсы алатын мен. Демалысы біткен соң оқуға қайтады, шығарып салатын мен. Сәкеннің біраз сырын білем, әрине, бірақ жаңағы «Тау ішінде» әні кімге арналды? Есінен кетпей қойған сол ғашығы кім? Ол жұмбақ. Сәкен жүрегіндегі құпия. Жұрт жайына жүрсін, Сәкенді қайдағы бір беймәлім қыз біткенге байланыстыра бермесін, тегі. Сәкен мына заманның қасіретіне душар болмай дін аман жүрсе, күндердің күнінде, бәлкім, айтар еді-ау маған, ә, бейопа жалған, ол тілекке жеткізбеді... тағы да есіңе салам, Қарпықжан, «Тау ішінде» әні − мен үйленген 1919 жылы мамыр айында дүниеге келген ән! Шыққан жері – Ескене тауы, Найзақалған сайы! Сәкеннің өзі айтқан сөзі бұл!
Қарпық ағай айтқан Әзімхан ақсақалдың осы әңгімесі дәптеріме осылайша қаз-қалпында түсті...
* * *
Сұлулық әлемінің ғажайып сырын бар жанымен тебірене жырлаған, жыр сұңқары Сәкен «Тау ішінде» әніндегі бар құпияны ана дүниеге өзімен бірге ала кетіпті...
Ілия ЖАҚАНОВ,
Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері,
композитор, өнер зерттеушісі
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:10
Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар