Қазақстан • 04 Қараша, 2020
Атқарылған іс те, атқарылар шаруа да ауқымды
Әлемді әбігерге салған COVID-19 індеті жаңа сын-қатерлерді туындатты. Оқшаулана түскен жаһан жұртынан Қазақстан да сырт қалмайтыны, барынша сақтанумен бірге өзіндік икемді даму жолын іздейтіні белгілі. Осы орайда елімізде эпидемияның алдын алуға барлық қам-қарекет жасалғанын, мемлекет пен қоғам бір мақсат пен бір мүддеге жұмыла білгенін, бұл – елдігіміздің көрінісі екенін атап айтуға тиіспіз. Қазақстан пандемия зардаптарымен күресуде тек денсаулық сақтау мен білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласының қордаланған мәселелерімен ғана бетпе-бет келген жоқ. Соңғы ғасырларда болмаған бұл індет интеграцияық қарым-қатынастың жетілген заманында алапат ауқымға ие болғандықтан, одан Тәуелсіздік жылдарында дүниенің төрт тарабымен де терең байланыс орнатқан отандық экономика да ойсырай зиян шеккенін көріп отырмыз.
Қазақстан • 04 Қараша, 2020
Әлемдегі дамыған мемлекеттерде жаһандану үдерісінің шапшаң дамуының өзіндік себептері бар: бұл жағдай сол елдердің шығарған өнімдерінің сатылу аясын кеңейтеді. Жаһандану процесі америкалық, батысеуропалық, араб, қытай, үнді мәдениеттерін күшейтсе, «даму кезеңіндегі экономикаға» ие елдердің мәдениеттерін керісінше әлсіретеді. Экономикаларының сыртқы елдерге тәуелді болуы, жалпы мәдениеттің жойылуына, ұлттық мәдениет құндылықтарына негізделген отандық өнім шығарушылардың азаюына немесе тіпті біздегідей ұлттық өндірісіміз жоқ дейтіндей жағдайға әкеледі. Басқа елдердің мәдениетіне тәнті кісілер ұлттық өндіріс өнімдерін менсінбейді. Сапасыз өнім ретінде қабылдап, сатып алмайды. Бұл жағдайды, мысалы, араб мәдениетіне еліктейтін апа-қарындастарымыздың ұлттық киім дәстүрлерінен алшақтап, арнайы бутиктер ашып, сол елдерден киім тасуынан көреміз.
Сұхбат • 04 Қараша, 2020
Шекара шебіндегі аудандарда ауқымды жұмыс атқарылуда
Кешегі алмағайып заманда шалғайдағы ауыл халқы үдере көшпесе де, көбі қала жаққа ойысқан. Енді міне, шекара шебіндегі Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыс қолға алынды. Жоспарға сай басталған жұмыстардың алғашқы нәтижелері туралы бізге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтып берді.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Әбу Насыр әл-Фараби өзі өмір сүрген ғасырға дейінгі және өз тұсындағы ғылымдардың барлық саласына қалам тартқан. Оның философия, логика, математика, физика, педагогика, психология, химия, филология және басқа да ғылымдарға қатысты жазба мұрасы жайлы жаһан ғалымдары оқтын-оқтын сөз етіп қояды. Әйтсе де Отырар перзентінің музыка жайлы мұрасы көп зерттеле қойған жоқ. Бұл ретте араб елдері мен Еуропа жұрттары, әсіресе Франция ғалымдарының едәуір еңбек сіңіргенін айтқан жөн.
Қазақстан • 04 Қараша, 2020
Газ-химия кешені отандық экономикаға серпін берер жобаға айнала ма?
Атырау облысының ғана емес, ел экономикасын өркендетудегі жетекші саланың бірі – мұнай-газ өнеркәсібі. Алайда мұнайды өңдеп, жанармай түрлері шығарылғанмен, әлі бұл сала еңсе тіктей алмай отыр. Нақтылай айтқанда, мұнай-химия өнеркәсібіне қажетті өнімдерге қол жеткен жоқ.