Руханият • 29 Шілде, 2019
Түгел түркіге керегі – «Томирис» пен «Күлтегін»
«Көп түрік енші алып тарасқанда» (М.Жұмабаев) қасиетті қарашаңырақты ұстап қалған біздің ел түбі бір туысқан халықтардың рухын оятатын ортақ құндылықтарды насихаттау ісінде де бірегей қадамдар жасап отыр. Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмінің алғашқы ресми трейлерінің түркі дүниесінде зор қызығушылық тудырғаны соның айғағы деуге болады. Трейлер түрік тіліндегі субтитрімен жарияланған соң, бір күннің ішінде интернет қолданушылары миллион рет көріп үлгеріпті. Шамасы бауырлас жұрт түбі бір халықтардың көне тарихынан сыр шертетін көркем туындыға сусап жүрсе керек. Біздің де шөліміз қанбады. Бірақ біз көне тарихымыз жайлы көркем туындылар жасау ісін бастадық.
100 • 25 Шілде, 2019
1925 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №277 санына шыққан «Тілбұзаризм» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Әңгіме Сол замандағы шет тілдерінің сөздерін қазақшаға қалай тәржімалау хақында жазылған. Басылымға «Тікенек» атты бүркеншік есіммен жарияланған.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Көркем шығарма оқудың пайдасы қандай?
Өнердің ішіндегі ең бір қастерлісі – көркем әдебиет. Бала күнімізден-ақ «көп оқу керек» дегенді құлағымызға құйып өсірді. Әдеби шығарма адамның бүкіл ойы мен қиялын баурап, биік қоғамдық идеяларға, арман-мұраттарға жетелейді деп жатамыз. Бірақ заманауи кейінгі зерттеулер мұны қаншалықты растайды? Құндылықтар алмасқан дәуірдегі ескірген сенім емес пе? Көркем әдебиет оқудың адамға пайдасы қандай?
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Ұлы дала тарихын кәсібіне арқау еткен шеберлер отбасының шеберханасындағы қолөнер бұйымдардың сан түрлілігінде шек жоқ. Көздің жауын алатын әшекей бұйымдар, киім-кешектер, оюмен көмкерілген текемет-сырмақ, ат әбзелдерінің зор талғаммен жасалғандығы ерекше бір таңданысыңызды туғызады. Шеберлер жанұясының осы бір шағын шеберхана ішіне ұялаған құпиясының сырын әрбір бұйымға қарап ұққандай боласыз. Қырық жылға жуық қолөнердің қыр-сырын меңгерген Бекдайырлар – отбасымен кәсіби шеберлер. Үйдің үлкені Айдос – мүсінші, Бақытжан қыштан көркем бұйымдар құйса, Ғалымжан зергерлікті кәсіп етіп келеді. Ал жібек өріп, кесте, гобелен тоқитын Еркежанның қолынан шыққан бұйымдар өзіндік сәнімен баурайды. Қолөнерді өміріне арқау еткен олар бүгінде ата-анасының қолғабысы әрі шабыт беретін қолдаушысы.
Экономика • 24 Шілде, 2019
KPMG халықаралық аудиторлық компаниясы «ҚазАгро» АҚ қызметі мен қаржылық жағдайына холдингтің жаңадан тағайындалған басқармасымен бірге әзірленген кешенді тәуелсіз бағалауды аяқтады. Оның нәтижесі холдингтің жалғыз акционерінің талқылауына берілді.